Астана күні

Астана күні – барлық қазақстандықтардың мерекесі

Астана күні – барлық қазақстандықтардың мерекесі. Бұл туралы Strategy2050kz АА берген сұхбатында «Жастар көзқарасы» АЖҰ өкілі, саясаттану магистрі Вера Саранчукова мәлімдеді.
Қарағанды20 Маусым , 09:36

«Астана күні – барлық қазақстандықтардың мерекесі. Елдің жүрегіне айналған Астана арқылы Қазақстан өзінің мүмкіндіктерін әлемге таныстырады. Бүгінде елорда бірліктің, келісімнің символына айналып отыр», - деді В. Саранчукова.

Оның айтуынша, тәуелсіз Қазақстанның тарихында Астананың рөлі мен маңызы өте зор. Бұл Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан ұлттық жоба. Өз туған күнін елорда экономикалық және әлеуметтік даму үстінде қарсы алады.

«Еуразия жүрегіндегі Астанада әлемдік деңгейдегі самиттер, форумдар өтеді.Қазір ауқымды ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жүруде. Біздің елордада көптеген елдің дәстүрлі нышандары мен көпұлттылығы тоғысқан. Барлық қазақстандықтар өз астаналарын мақтан тұтады», - деді ол. 




Яндекс.Метрика