Парламент

Зияткерлік меншік туралы заңның түзетулері Қазақстанның ДСҰ-ға ену үрдісін жеделдетеді

Зияткерлік меншік туралы заңға енгізілген түзетулер зияткерлік меншік құқығының қорғалуы мен сақталу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде КО аясындағы интеграцияда Қазақстанның ДСҰ-ға ену процесіне оң әсер етеді, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы комитеті.
Нұр-Сұлтан19 Маусым , 18:23

Бүгін дөңгелек үстел жұмысында Қазақстан Республикасының «Зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы мен Аталмыш заңнама бойынша Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы қаулысының таныстырылымы өтті.

Заң жобасында жаңалықты патенттеудегі инновациялық патент секілді қорғалатын құжатты қысқарту, құрылғының ғана емес, сонымен қатар әдіс пен заттың пайдалы модель сапасындағы мойындау арқылы пайдалы модульге тиісті нысандар тізімін кеңейту ұсынылды.

Жалпы, заңнама өзгерістері зияткерлік меншік құқығының сақталуы мен қорғалуы деңгейін арттыруға жол ашады. Бұл өз кезегінде КО аясындағы интеграцияда Қазақстанның ДСҰ-ға ену процесіне оң әсер етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы үздік 30-дыққа енудің бір факторы ретінде Қазақстанның индустриялды-инновациялық даму шарттарының бірі ретінде зияткерлік меншікті қорғауды атаған еді.




Яндекс.Метрика