Инфрақұрылымның дамуы

Жеңіс Қасымбек БҚО өкілдеріне автомобиль жолдарын дамыту туралы баяндады

ҚР көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарының алдында Батыс Қазақстан автомобиль жолдар жүйесінің ағымдағы хал-жағдайы және дамыту жоспары туралы баяндама жасады.
Нұр-Сұлтан19 Маусым , 17:13

Соның ішінде, ККМ басшысы 2002 жылдан бастап Батыс Қазақстан аумағында Орал қаласында Орал өзені және Атырау облысында РФ шекарасында Қиғаш өзені арқылы өтетін екі көпір өтпесі салынды, 2 235 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдары қалпына келтірілді, оның ішінде «Атырау – Орал» (487 км), «Ақтобе – Қостанай облысының шекарасы» (231 км), «Атырау – Доссор – Бейнеу» (426 км), Ақтөбе қаласының Солтүстік айналма жолын қосқанда Ақтөбе облысы бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің учаскелері, «Ақтөбе – Орал» (397 км). Сонымен қатар, «Чапаев – Жалпақтал» учаскесінің 97 км және «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автожолының 59 км күрделі жөндеуден өтті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Ақтөбе – Орал» учаскесінің 65 км қайта салуын аяқтап, «Бейнеу – Шетпе» учаскесідегі 240 км бойы қозғалыс ашу жоспарланып отырғанын атап өтті. Оған қоса, Көлік және коммуникация министрлігі ағымдағы жылдың шілдесінде «Шетпе – Ақтау» (170 км) учаскесін қайта салу жұмысын бастауды  жоспарлауда. Ал 2015 жылы «Бейнеу – Ақтау» учаскесіндегі займды үнемдеу есебінен «Жетібай – Жаңаөзен» автожолын қайта салуды жоспарлап отыр.

Аумақтағы республикалық маңызы бар жолдардың ішінде қазіргі кезде күрделі жөндеумен БҚО «Чапаев – Жалпақтал» автожолының 60 км, Атырау облысының «Атырау – Ақтөбе» автожолының 19 км, Маңғыстау облысының «Ақтау – Құрық» автожолының 59 км қамтылды. Ағымдағы жылы бұған қосымша Атырау облысында «Жәнібек – Казталовка» автожолының 20 км және «Доссор – Мақат» учаскесіндегі 17 км күрделі жөндеу басталады. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан аумағының республикалық маңызы бар жолдар жүйесін күтіп ұстау мақсатында 317 км жолды орташа жөндеуден өткізу  қарастырылған.

Бұдан тыс, биыл «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» автожолын қайта салудың үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланған.

Сонымен қатар, министр ағымдағы жылы Мемлекет басшысы мақұлдаған 2020 жылға дейінгі көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және біріктіру жөнінде мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Батыс аумағында 1 мың  километрден астам автожолдарды күрделі жөндеуден өткізу және жалпы ұзақтығы 1,3 мың км «Ақтөбе – Атырау – Астрахан», «Бейнеу – Ақтау», «Жетібай – Жаңаөзен – Түркіменстан шекарасы», «Бейнеу – Ақжігіт –  Өзбекстан шекарасы», «Орал – Каменка – РФ шекарасы» және «Жымпиты – Чапаев» республикалық маңызы бар автожолдарды қайта салу жоспарланғанын еске салды. 

 




Яндекс.Метрика