Парламент

Жаңа кодекс айыппұлдың тиянақталған ставкаларын қамтиды – А. Қожахметов

Жаңа кодекс айыппұлдың тиянақталған ставкаларының мазмұнын құрайды. Бұл туралы ОКҚ баспасөз отырысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов хабарлады.
Нұр-Сұлтан 19 Маусым, 16:30

«Жаңа кодекс айыппұлдардың түзетілген ставкасын қамтиды. Қолданыстағы кодексте вилка қарастырылған. Заңгерлердің айтуынша, сот органдарында жемқорлық заттарына арналған белгілі бір люфт әсер еткен. Бұл мемлекеттік органдар мен сот органдарында белгілі бір жағдайда әкімшілік айыппұл көлемін анықтау құқығын беріп отыр. Қазіргі таңда жаңа кодекс түзетілген ставкаларды қарастыруда», - дейді А.Қожахметов.

Сонымен қатар, мәжілісменнің айтуынша, жазаның бірінші түрі ретіндегі ескертулер бойынша құрам көлемі артады.

«Құрам кеңейді. Біз Үкімет пен Парламенттің заңнаманы гуманизациялау мәселесіндегі қолға алған шараларының мысалы ретінде жазаның бірінші түрі ретінде ескертумен шектелуді айта аламыз. Парламентке енгізілген қазіргі жобада  мұндай нормалар 119 құрамнан тұрды. Олар бірінші рет құқық бұзған жағдайда ескертумен шектелуді қарастырады», - дейді.  

Оның айтуынша, жаңа Кодексте ескертулер бойынша құрам саны артып, 131-ді құрады.

«Жұмыс барысында біз аталмыш құрамды арттыру мүмкіндігін таптық. Қазір олардың саны 131. Менің пікірімше, кәсіпкерлік пен қарапайым адамдарға бұл құқық бұзушылық жағдайларында жеңілдік қарастыруға жол ашады», - дейді Мәжіліс депутаты. 

Индира Кауметова 





Яндекс.Метрика