Парламент

А.Қожахметов: Әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл құнының 50%-ын субъект төлеуге құқылы

Әкімшілік құқық бұзушылық жағдайында апта ішінде соманың 50 пайызын субъект төлей алады. Және де осы кезде айыппұл толықтай төленген болып есептеледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан19 Маусым , 16:24

«Егер құрам жазаны айыппұл түрінде белгілейтін болса, аталмыш құқық бұзушылық сол жерде белгіленеді. Тиісінше, жеке тұлға құқық бұзушылыққа байланысты айыппұл көлеміне сай жазаланады. Мұндай жағдайда хаттама толтырылып, субъект жеті күн ішінде аталмыш айыппұл құнының тек елу пайызын төлеу арқылы аталмыш жазадан құтыла алады. Сонда айыппұл толықтай төленген болып есептеледі», - дейді депутат.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бұндай шара айыппұлдың дер кезінде төленуіне мүмкіндік береді.  

«Бұл норма, біріншіден, айыппұлдың дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді. Өкінішке қарай, бұл тұрғыда статистикалық мәліметтер көңіл көншітерлік емес. Мысалға, былтырғы белгіленген жалпы айыппұлдар көлемі 80 млрд теңгені құраса, соның тек 42 пайызы төленген. Бұл дегеніңіз шамамен 53 пайыз ғана», - дейді ол.

Депутаттың пікірінше, аталмыш шара бюджетке ауыртпалықты азайтады.

«Тиісті айыппұлды төлемеген тұлғаларға қарсы қабылданатын белгілі бір шаралардың қолданылуы бюджетке түсетін ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік берді.  Сол себепті аталмыш шараның пайдасы мол. Депутаттар да осы арқылы аталмыш процесті оңтайландырылатынын болжап отыр», - дейді мәжілісмен. 

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика