Парламент

Жаңа ҚК-те фармацевтика саласындағы қылмыс туралы бөлім пайда болды

Жаңа Қылмыстық Кодексте фармацевтика нарығындағы араңдатушылықпен байланысты медициналық қылмыстар бөлімі пайда болды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Праламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров мәлім етті.
Нұр-Сұлтан19 Маусым , 16:07

«Жаңартылған ҚР Қылмыстық Кодексінде жаңа бөлімдер пайда болды. Атап айтатын болсақ,  фармацевтика нарығындағы араңдатушылықпен байланысты медициналық қылмыстар және ақпараттандыру саласындағы қылмыспен байланысты бөлімдер енгізілді», - деді  Н.Әбдіров.

Депутат атап өткендей, Жаңа Қылмыстық Кодексті жасақтау барысында бас бостандығынан айрылған азаматтар санын азайту мәселесі басты назарда болды.«Өткен жылдың мәліметі бойынша Қазақстан абақтыға қамалған азаматтар коэфиценті бойынша әлемде 34 орында тұр».

«Бұл бізге лайық көрсеткіш емес, сондықтан біз онымен күреспекшіміз. Қазіргі таңда  біз 10 қылмыстық құрамды қайта әкімшілік кодекске қайтардық», - деді ол.

Сонымен қатар, кәмілеттік жасқа толмағандарға жеңілдіктерде қарастарылыпты. Олар, уақытынан бұрын босанып шығу және кәмілеттік жасқа толмағандарға қатысты оларды қоғамнан тыс ұстау сияқты жазаларды қолданбаумен байланысты.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика