Халықаралық интеграция

Н. Назарбаев екіжақты құжаттарға қол қою рәсіміне қатысты

Қазақстан және Корея Республикасының Президенттері екіжақты құжаттарға қол қою рәсіміне қатысып, бірлескен мәлімдеме жасады. Келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі қабылданды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан19 Маусым , 15:50

Екі ел президенттерінің қатысуымен төмендегідей бірқатар құжаттарға қол қойылды:Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Корея Республикасы Үкіметінің арасындағы өзара визалық талаптарды жою туралы келісім; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Корея Республикасының Мемлекеттік заңнама министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Корея Республикасы Ғылым, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және болашақ жоспарлау министрлігінің арасындағы ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен Корея Республикасының Орман шаруашылығы қызметі арасында орман шаруашылығы және Қазақстан Республикасының ормандарын қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум бекітілді.




Яндекс.Метрика