Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

Баланың басындағы ісік ДСМ квотасы бойынша Кореяда ота жасау арқылы алынып тасталады

Арман Жанділдәнің басындағы үлкен ісікті алып тастау үшін күрделі ота жасау керек. Осы мақсатта бала ҚР ДСМ квотасы бойынша ұзақ уақытқа Кореяға емделуге жөнелтіледі, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы09 Қаңтар , 00:00

«Бірнеше ай бұрын пайда болған қатерлі ісік баланың басының тең жартысына жайылды. Химиотерапияның екі курсынан кейін ісік сәл кішірейді, дегенмен біраздан соң қайта өсе бастады. Ісікті алып тастап, баланың көзін аман сақтап қалу үшін күрделі ота жасау керек», - делінген ақпаратта.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шешімі бойынша бүгін бір жасқа толып отырған Арман Жанділдә квота бойынша Кореядағы Сеул Ұлттық университетінің госпиталіне ұзақ мерзімге емделуге жөнелтіледі. Баламен бірге анасы және Алматы қаласы медицина ұйымының дәрігері барады.

Олар Кореяға 2013 жылдың 10 қаңтарында ұшуы тиіс.




Яндекс.Метрика