Өңірлер

ШҚО-да «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтуде

Өскеменде «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтуде. Онда ШҚО-ның 77 кәсіпорны өз өнімдерін таныстырды.
Нұр-Сұлтан19 Маусым , 13:37

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында республикада бұл байқау жыл сайын өткізіледі. Тауар «Халық тұтынуының тауары», «Азық-түлік өнеркәсібі», «Өңдеуші өнеркәсіп» топтары бойынша іріктелген, деп ШҚО ақпараттық орталығы.

Қатысушыларды облыстық сараптамалық комиссия бағалайды. Қатысушылардың басты мақсаты тауарларының сапалы болуында.

Көрмеде өндірістік тауарлар мен киім-кешек, аяқ киім, жиһаз және өзге заттар қойылды.

Кәсіпкерлер жаңа өнімдерімен таңдай қақтырды.

Байқау лауреаттары Астанада өтетін республикалық  «Қазақстанның үздік тауары» шарасына жолдама алады. 




Яндекс.Метрика