Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

Сапалы медициналық қызметтің арқасында ана мен бала өлімі азайды – Президент

Бүгін Қазақстанның әйелдер қауымымен жылсайынғы «Көктем шуағы» атты дәстүрлi кездесуі барысында Елбасы ана мен бала өмірін жақсарту үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық мәселесіне тоқталып өтті.
Нұр-Сұлтан07 Наурыз , 00:00

Мемлекет басшысының айтуынша, біздің «Саламатты Қазақастан»бағдарламасы тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері бойынша бірегей құжат болып есептеледі және ол – толықтай халықтың денсаулығын жақсартуды көздейтін бағдарлама. 

«Әркім өзінің денсаулығына өзі көңіл бөлуі тиіс: жүйке жүйесі қандай жағдайда? Ол өзін ғана емес өзгелерді де ызаландыра ма?.. Біздің елімізде көбінесе ер азаматтар сондай болып келеді. Бұл бағдарламаны орындай отырып, азаматтардың денсаулығын нығайту, өмірін жақсартуға 2015 жылға дейін 360 млрд теңге қаржы бөлдік», - деді Президент. 

Сондай-ақ, Елбасы айтып өткендей, бүгінгі күні қазақстандықтарға абсолютті тегін медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бүкіл ел бойынша заманауи құрылғылармен жабдықталған 21 перинаталдық орталық жұмыс істейді. Осының бәрі сайып келгенде балалар өлімінің көрсеткішін күрт төмендетуге жағдай жасады. 

«Мен нәрестелердің туа салысымен өлу себептерін түсінбей, онымен қатты күрес жүргізген болатынмын. Әйелдер неліктен қаза табады? Біз медициналық қызмет көрсетудің арқасында аталған көрсеткішетрдің төмендеуіне қол жеткіздік», - деді Елбасы.




Яндекс.Метрика