Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Әлемнің 30 елінде техникалық мамандық бойынша 800 болашақтық білім алуда – Ғ.Нығыметов

Әлемнің 30 елінде техникалық мамандық бойынша 800 болашақтық білім алуда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан19 Маусым , 12:24

«Қазіргі әлемнің 30 елінде 800 болашақтық техникалық бағытта білім алып жатыр. Инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша алдағы үш жылы 3,5 мың стипендиятты оқыту жоспарланған. Олар отанға оралып оқыған білімдерін ел игілігіне қолданбақ», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда азиялық бағыт та қарқынды дамып келеді.

«Бұл дегеніңіз Қытаймен байланысты арттыру. Биылғы жылдың наурыз айында алдыңғы қатарлы бес қытай университетімен екіжақты келісім жасалды. Аталмыш ЖОО әлемнің үздік оқу ордаларының санатында. Сол жерге біз бір топ тәжірибден өтушілер, техникалық және медициналық мамандарды дайындау жоспарланған», - дейді Ғ.Нығыматов. 




Яндекс.Метрика