Астана күні

Астана – посткеңестік кеңістіктегі ірі жобалардың бірі – С.Сейдуманов (ВИДЕО)

Астана –посткеңестік кеңістіктегі ірі жобалардың бірі. Бұл туралы бүгін Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Серік Сейдуманов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 19 Маусым, 17:21

«Астана – еліміздің ордасы. Астана – мемлекеттің әкімшілік орталығы. Астана – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жобасы. Астана – жалпы посткеңестік кеңістіктегі ірі жобалардың бірі. Өйткені кішкене ғана қаланың ТМД аумағындағы ірі шаһарға айналғанын бүгінде көзіміз көріп отыр», - дейді мәжілісмен.

Сонымен қатар, С.Сейдуманов Астанада өткен халықаралық айтулы шараларға да тоқтала кетті. Оның айтуынша, елордамыз жаһандық дипломатияның орталығына айналып отыр.

«Мұнда Қазақстан мен посткеңестік кеңістіктің айтулы шаралары ұйымдастырылады. ЕЫҚҰ, ШЫҰ саммиттері мен Астана экономикалық форумы, АӨСШК шаралары мен өзге де айтулы оқиғалар Астана атын асқақта түспек. Біз бүгінгі елордамыздың бейнесін мақтан тұтамыз», - дейді.

Депутат Астана тұрғындары мен барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

«Барша астаналықтар мен қала қонақтарына шаһардың күн санап көркейіп, еліміздің гүлденуіне үлес қоса беруін тілеймін. Бұл шаһар бүгінде миллиондардың жүрегін жаулап, өзіне тәнті етті. Елордамыз қазақстандықтар мен өзге де қонақтарға өзінің жайлылығы мен қонақжайлылығынан айнымақ емес», - дейді төменгі палата депутаты. 

Индира Кауметова 





Яндекс.Метрика