Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанның отыздыққа ену мақсаты инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады – EY компаниясы

EY компаниясы жүргізген 2014 жылғы Қазақстанның инвесторлық тартымдылығы зерттеулерінің қорытындысы бойынша халықаралық интеграциялық процестерге қатысу мен инновациялық дамуға деген елдің ниеті экономикалық өсімнің алғышартына айналып отыр.
Нұр-Сұлтан19 Маусым , 12:05

Сауалнама 2014 жылдың басында әлемнің 28 елінің 200-ден астам шетелдік инвесторлары арасында жүргізілді, деп хабарлайды халықаралық компанияның баспасөз қызметі.

Зерттеу нәтижесінен байқағанымыз, Қазақстанның имиджі өткен уақыттардағы осы сынды сауалнама нәтижесіне қарағанда айтарлықтай өскен. Республиканың ұсынатын мүмкіндіктері туралы инвесторлардың ақпараттану деңгейі Қазақстанда жұмыс істеп жатқан инвестор мен шетелдік әлеуеті инвестор арасында да қатар өткен.

Қазақстанның 2050 жылға қарай үздік 30-дыққа ену ниеті инвесторлар үшін экономиканың алуан саласында түрлі мүмкіндіктерді ұсынады. Сонымен қатар,  Қазақстан экономикасының өсу қарқыны жедел өсіп келе жатқан 25 нарық тобының арасында жоғары бағаланады.

Респонденттердің басым бөлігі Қазақстанда іс жүргізуде үлкен мүмкіндіктерді көріп отыр. Олардың 47 пайызы алдағы 3 жылда елдің инвестициялық климаты айтарлықтай жақсарады деген сенімде.  

Инвесторлардың ең көп назарына іліккен факторлардың бірі макроэкономикадық, әлеуметтік және  саяси тұрақтылық.

«Инвесторлардың ақпараттану деңгейі өсіп келе жатыр. Бұл Үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралардың арқасында болуы тиіс. Халықаралық интеграция, экономиканың әртараптандырылуы мен инвестиция ағымы шетелдік тікелей инвестиция үшін ТМД елдері арасында Қазақстанның алдыңғы қатарлы нарыққа айналуына жол ашуда. Осынау жетістікті сақтап қала алу үшін инвесторлардың Үкімет тарапынан ұсынылып жатқан мүмкіндіктері туралы ақпараттануы деңгейін арттыру қажет», - дейді Қазақстан мен Орта Азиядағы EY компаниясы ынтымақтастығы басшысы Ерлан Досымбеков.




Яндекс.Метрика