Парламент

Сенат Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты салық салудың алдын алу туралы хаттаманы ратификациялады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының палата спикері Қ.Токаевтың төрағалығымен өткен пленарлы отырыста ҚР-ның «Қазақстан Республикасы Үкіметімен Сингапур Республикасы Үкіметінің арасындағы екі жақты салық салуды және табыс салығынан жалтаруды алдын-алу туралы келісімге өзгертулер мен қосымша енгізу туралы хаттаманы ратификациялау» заң жобасы қабылданды.
Нұр-Сұлтан19 Маусым , 11:31

«Хаттаманың мақсаты екіжақты салық қызметінің байланысын нығайту арқылы салық салу мәліметтерімен алмасу және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу. Айта кетерлік жайт, қолданыстағы заңнама Сингапурда «Ақпарттық кұпиялылығы туралы»  заңының болуына орай ақпарат алмасуға мүмкіндік бермеді,», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, ведомство басшысы екі ел арасындағы тауар айналымы жыл сайын артып келеді, деп атап өтті. «Қазақстанға Сингапурдан келетін басты салалардың бірі менералды өнімдер, темірден жасалған заттар және т.б.»,- деді министр.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика