Мәдениет, дәстүрлер және даралық

СҚО-да өлкетану мұражайындағы археологиялық жәдігерлер Қазақстан тарихының 40 мың жылдығынан қамтиды.

Солтүстік Қазақстан облысы өлкетану мұражайындағы археологиялық жәдігерлер Қазақстан тарихының 40 мың жылдығынан қамтиды.
Солтүстік Қазақстан13 Шілде , 00:00

 «Үстіміздегі жылдың басында Солтүстік Қазақстан облыстық мұражайлар бірлестігі қоры мен аудандық республикалық мұражайларда 370846 экспонат бар. Оның 150693-і негізгі қордікі. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының негізгі қорын 15 археологиялық мәдениет пен Қазақстан тарихын 40 мың жылға тереңдететін археологиялық топтамалар құрайды. Археологиялық топтамалар ғылыми маңызын арттыратын архивтік  материалдармен толықтырылған. Бұл жәдігерлер Орталық Азия елдерінің мәдени және тарихи шығу тегін зерттеп жүрген әр елдің түрлі зерттеушілері мен ғалымдарының қызығушылығын тудырып отыр. Олардың бел ортасында Ресей, Корея, Қытай, АҚШ,Германия, Англия ғалымдары бар. Археология бөлімі Ә.Марғұлан атындағы ҚР  Археология Интститутымен тығыз қарым-қатынас ұстайды», - дейді Мұражайлар бірлестігінің директоры Гүлнара Мұқышева.

Өткен жылы мұражай «Ұлы даладағы салты атты: әдет-ғұрпы мен жаңалығы» жобасы аясында ғалымдарға  антропологиялық топтамалар ұсынған. Біздің мұражайдың археологиялықтоптамасынан «Қазақстан Республикасы археологиясының материалдары мензерттеулері» атты республикалық көптомдық жарыққа шықты.

 




Яндекс.Метрика