Парламент

Сенат ҚР мен ХҚДБ арасындағы қарыз туралы келісім ратификациясын қабылдады

Бүгін Жоғарғы палата спикері Қ.Тоқаевтың төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Сенатының пленарлы отырысында Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы сот секторын институционалды нығайту жобасы бойынша қарыз туралы келісім ратификациясы қабылданды.
Нұр-Сұлтан19 Маусым , 10:31

«Биылғы жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы сот секторын институционалды нығайту жобасы бойынша қарыз туралы келісімге қол қойылды. Жалпы, жоба мемлекеттің құқықтық саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, жоба ҚР құқықтық саясаты тұжырымдамасы аясындағы реформалардың іске асырылуына жағдай жасап, сонымен қатар құқық қорғау жүйесінің жаңғыртылуы мемлекеттік бағдарламасын қамтамасыз етеді», - дейді ҚР әділет министрі Берік Имашев.

Келісімнің мақсаты институционалды мүмкіндіктерді арттыру мен сот секторының негізгі ұйымдарының операциялық тиімділігіне жол ашу болып табылады.

Жоба аясында құқықтық және институционалды базаның негізгі элементтерін іске асыруды нығайту, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қызметі мен жеделдігінің сапасын арттыру, соттардың тиімділігі мен кәсібилігін көтеру секілді шаралар атқарылады.

Ведомство басшысының айтуынша, жобаның іске асырылу мерзімі 5 жыл. Аяқталар уақыты -2018 жылдың 31-інші желтоқсаны. 

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика