Өңірлер

Қызылорда облысында өңірдің АӨК дамыту картасы таныстырылды

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының диалогтық алаңында Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған картасы талқыланды.
Қызылорда19 Маусым , 10:23

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту Картасының әзірлеушісі және бастамашысы - Өңірлік кәсіпкерлер палатасы , агросектор дамуының соңғы 3 жылғы көрсеткіштеріне талдау жүргізіліп, саланың күшті және әлсіз жақтары, облыс орталығы мен барлық аудандардың даму мүмкіндіктері анықталды.

Карта аясында өсімдік және мал шаруашылығы, мал азығы өндірісі, асыл тұқымды мал басының санын көбейту, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру және күріш шаруашылығын әртараптандыру салаларын дамытуға арналған қаржылық құралдар мен механизмдер ұсынылды. 

Картаны жүзеге асыру шаралары аграрлық сектордағы ірі және кіші кәсіпорындардың инвестициялық жобаларын (іске асырылған және іске асырылуға жоспарланған) «пул» арқылы қолдауға және жетекшілік етуге  мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Өңірлік инвестициялық орталықтың құрылуы жөніндегі мәселелер талқыланды. Жалпы, аталмыш Орталық алдағы уақытта агроөнеркәсіп сектордағы инвестициялық жобаларды жеңілдіктер арқылы несиелендіру бағытында ықпал жасайтын болады.    




Яндекс.Метрика