Self made. Ровесники столицы

Мен Астанамен бірге жетілдім - елорда құрдасы

Мария Нухова - елордамен түйдей құрдас. Ол биыл Астана қаласының № 60 мектеп лиценінің 11 сыныбына көшті. Бүгін Астана күнінің қарсаңында болашақ жас түлек «Strategy2050.kz» АА тілшісімен шаһар туралы ойымен бөлісті.
Нұр-Сұлтан 18 Маусым, 16:22

«Мен Астанаға 1 сыныпқа барғанымда келдім. Осы шаһармен бірге ер жеттім. Қала менің көз алдымда  өзіммен таласып гүлденіп көркейе берді.  Оның дамуына, көркеюуіне өзімше үлесте қостым десем болады. Мен қаланың тазалығына  атсалысып келемін. Сенбіліктерге қатысамын және жүрген жерімде күл-қоқыс тастамаймын», - деді сөз басында Мария Нухова.

Сонымен қатар, болашақ жас түлек  Астананың қандай жерлерін аралап көргісі  келетіні туралы бөлісті.

«Менің, Астанада тұратыныма көп болды. Алайда менде басқа тұрғындар сияқты қонақтарға қарағанда қаланың назар аударарлық орындары туралы аз білемін. Мен көбіне достарыммен бірге адамдары аз, тыныш көшелермен серуендегенді жақсы көремін. Бірақ маған «Солтүстік шұғыла» ТК ұнайды. Болашақта осында тұрсам деп армандаймын. Ғимараттың орналасқан жері әсем, ал архитектуралық тұрғыда пішіні көркем», - деп М. Нухова өз ойын толықтырды.

Жалпы, оның пайымынша Астана - ол арман қала және шаһардың болашағы зор. Марияның айтуынша, ол алдағы уақытта биолог немесе эколог маманы болғысы келеді. Сонымен қатар, бойжеткен қалада ұйымдастырылатын көптеген спорттық және басқада шараларда фототілші ретінде қатысып жүреді екен.

«Астананың алға қойған мақсаты бар талантты да талапты жастары көп және ол мақтанарлық жайт. Оның үстіне бұлай болмауыда мүмкін емес», - деп елорда құрдасы өз ойын түйді.

Мадина Нұрбекова

Суретті түсірген  Азамат Алиев





Яндекс.Метрика