Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

2012 жылы Қазақстанда туу көрсеткіші жоғарылап, өлім-жітім азайды – Статистика агенттігі

2012 жылы Қазақстанда туу көрсеткіші 1,9%-ға жоғарылап, өлім-жітім 2,4% -ға төмендеді, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы14 Ақпан , 00:00

«2012 жылы қаңтар-желтоқсанда АХАТ органдарында 379,1 (372,2) мың сәби тіркелді, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға көп. Елімізде 2012 жылы қаңтар-желтоқсан айларында өлгендер саны 141,2 (144,6) мың адамды құрады, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,4%-ға кем», - делінген ақпаратта.

2012 жылғы 1 қаңтарда еліміздегі халық саны 16911,9 мың адамды құрады. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы елімізде халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,4%-ға өсті.

2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда республика халқының табиғи өсімі 237,9 (2011 жылдың сәйкес кезеңінде 227,6) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффиценті 1000 адамға шаққанда 14,2 (13,8) адамды құрады.




Яндекс.Метрика