Білім беру

Алматы әкімі білім гранттарын табыстады

Алматыда жалпы орта білім беретін мектептерді бітірушілердің жыл сайынғы дәстүрлі «Жас түлек» фестивалінде Алматы әкімі Ахметжан Есімов 173 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін, 33 білім грантын жетімдерге және тұрмысы төмен отбасылар балаларына, мүгедектерге, сондай-ақ мәдениет пен спортта жоғары жетістіктерге жеткен 5 түлекке кәмелеттік атетестаттарды табыс етті.
Алматы қаласы19 Маусым , 09:27

Жалпы биыл орта білімі туралы аттестатты Алматы мектептерінің 7 166 түлегі алып отыр.

Мегаполис басшысы салтанатты шараға жиналғандарды оқу жылының аяқталуымен және алматылық оқушылар мен олардың ұстаздарын республикалық, халықаралық олимпиадаларда жеткен ерен жетістіктерімен құттықтады, деп қала әкімдігінде хабарлады.

«Болып өткен ҰБТ-дің қорытындысы бойынша біздің қаламыз тағы да өзінің республиканың білім орталығы екендігін паш етті, сөйтіп еліміздің барлық өңірлер бойынша жүлделі 1-ші орынды иеленді. Қала бойынша орташа балл 93,4 құрады. Үстіміздегі жылы 99 түлек мектепті үздік аяқтады. Тестілеудің қорытындысы бойынша оқушылардың 76% «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеді. 35 мектептің 1831 оқушысы, бұл тестке қатысқандардың 40 пайызы 100 баллдан асыра ұпай жинады.Түлектердің мұндай жетістіктерге жетуі мұғалімдердің кәсіби біліктілі мен энтузиазмі арқасында болғанын жақсы түсінуге тиіспіз», - деді Ахметжан Есімов.

Бұдан өзге, Алматы әкімі білімді дамыту мегаполистегі негізгі бағыттардың бірі екендігін жеткізді. Соның арқасында саланы қаржыландыру соңғы жылдары екі есеге өсті.

«Егер 2008 жылы 22,2 млрд. теңге бөлінсе, биыл бөлінгені – 46,9 млрд. теңге. Осы кезең ішінде 14 жаңа мектеп, 4 мектеп қосымшасы салынды. Олардың барлығы замануи жабдықталған. Қазіргі кезде «Жас қанат» ықшам ауданында сыйымдылығы 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп құрылысы, тағы да бұрыннан бар мектептер жанынан 5 қосымша құрылыстар жүріп жатыр», - деді Ахметжан Есімов.




Яндекс.Метрика