Басқару

Президент Жарлығымен Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесіне өзгерістер енді

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойылды.
Нұр-Сұлтан19 Маусым , 09:12

«Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін», - делінген Жарлық мәтінінде.

Осы Жарлық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жарлықтың толық мәтінімен  мына жерде таныса аласыздар . 




Яндекс.Метрика