Астана күні

Астана күні босанған аналарға құрмет көрсетіледі

Астана күні қаладағы перзентханаларда жаңадан босанған аналарға құрмет көрсетіледі. Бұл туралы «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында Астана қаласыныі СӨС қалыптастыру орталығының директоры орынбасары Ләззәт Есімова мәлім етті.
Нұр-Сұлтан19 Маусым , 09:00

«Біз Астана күніне тыңғылықты дайындалып жатармыз. Түрлі акцияларды өткізудеміз. Мәселен, Астана күні қаладағы перзентханаларда жаңадан босанған аналарға құрмет көрсетіледі. Оларға бағалы сыйлықтар табысталатын болады және тосын сыйларда бар», - деді ол.

Сонымен қатар, Л. Есімова елордаға келген қонақтар шаһардың сұлулығына қызығады, деп атап өтті.

«Мен, өткен аптада Алматыдан келген қонақтарды күтіп алды. Шаһардың сол жағалауын көрген олар таңқалды десе болады. Жалпы, астана күн санап көркейіп келеді.», -деді директордың орынбасары.

Бұдан басқа ләззәт Есімова қала тұрғындары мен қонақтарын алдағы келе жатқан мерейлі меркемен құттықтады.

«Алдағы келе жатқан мерейлі мерке қарсыңнда барлық астаналықтар мен қонақтарды астана күнімен құттықтаймын. Медицина саласының қызметкері ретінде денсаулық саласы жоғары деңгейде дамып, білікті сауатты мамандарымыз көбейсін дегім келеді», - деп Л. Есімова.

 




Яндекс.Метрика