Энергетика

ЕО мен Қазақстан энергетикалық ынтымақтастық шарасын өткізді

Астанада «INOGATE Еуроодақтың энергетикалық ынтымақтастығының сәтті бағдарламасы: Қазақстандағы жетістіктері және 2014 ж. даму жолдары» тақырыбына ақпараттық шара өтті.
Нұр-Сұлтан18 Маусым , 18:07

Аталмыш шара ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушездің төрағалығымен өтті. Кездесу Қазақстан мен ЕО арасындағы энергетикалық ынтымақтастығына 18 жыл толуына арналды.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік энергетикалық және инвестициялық қауымдастығы үшін белгілі және сенімді әріптеске айналды, деп атап өтті өз сөзінде ҚР Мұнай және газ вице-министрі М.Мырзағалиев. 

Осы жылдары мұнай мен газ конденсатын өндірудің көрсеткіштері уш есе өсіп, 1991 жылы 25 млн. тонна мұнай өндірілсе, 2013 жылы 82 млн. тоннаға жетті. Энергетикалық сектордың Қазақстандағы экономикалық дамудың басты көзіне айналуында еуропалық компаниялардың рөлі ерекше, деп  мұнай және газ министрлігінде хабарлады.

Бүгінде еуропалық компаниялардың технологиялық және басқарушылық инновацияларына қатысты тәжірибелеріне еліміздің қызығушылығы бар. Атап айтқанда, сұйытылған газ секторын дамыту, ішкі нарықтағы тауарлық газға бағаны қалыптастыру, мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара іс-әрекет ережелерін және рөлдерін одан әрі жүйелендіру.

«Қазірде энергетикалық секторындағы екі жаққа тиімді ынтымақтастықтың  әлеуеті өте зор. Бұның болашақта дамуға мүмкіндіктері көп. Жеті жыл бойы INOGATE Бағдарламасымен жұмыс істеп кележатырмыз. Менің ойымша, болашақта да INOGATE Қазақстан мен ЕО арасындағы энергетикалық ынтымақтастығының дамуына зор үлесін қосады», - деп нәтижеледі М. Мырзағалиев. 

 




Яндекс.Метрика