ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік тіл мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Академия ректоры Б.С.Абдрасиловтың төрағалығымен Ғылыми-әдістемелік кеңес отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан18 Маусым , 19:02

Шараның мақсаты - Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге тілдік білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, деп академияда хабарлады.  

Кеңес  жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразгүл Асанғазы, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мен орталық мемлекеттік басқару органдарының тілге жауапты қызметкерлері қатысты.

Ғылыми кеңесте мемлекеттік қызметтегі тілдік біліктілікке қатысты мынадай мәселелер талқыланды: мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін арттыратын Тіл орталықтарының әдіснамасы, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тілдік білімді бағалау мәселелері.

Сонымен қатар,  Академияның мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша жинақтаған тәжірибесі, оқыту технологиялары, мониторингтік нәтижелері баяндалды.

Ол үшін Академия тарапынан мемлекеттік қызметшілерге тілдік білім беретін барлық орталықтардың бірізді типтік бағдарлама мен әдістемелер арқылы ресми стильде тілді оқытуы, Орталық оқытушыларының  әдістемелік біліктіліктерін Академияда арттыру, тіл орталықтарының оқыту сапасын арттыру жұмысына Академия оқытушыларын тарту,Казтестпен ғана шектелмей ресмитест әзірлеу қажеттілігі баса айтылды.




Яндекс.Метрика