Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Атырауда «Atyrau Job Fair Exhibition» бос орындары жәрмеңкесі өтеді

Ағымдағы жылдың 20 маусымында APEC Petrotechnic мұнайгаз саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлаудың өңіраралық орталығында 40-тан аса компаниялар қатысуымен «Atyrau Job Fair Exhibition» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.
Атырау18 Маусым , 19:42

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Атырау облыстық әкімдігі және «Нұр Отан» партия қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы түлектерін, Атырау қаласындағы ЖОО және колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыру үшін «Atyrau Job Fair Exhibition» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізеді.

Президенттің «Қазақстан жолы - бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын іске асыру мақсатында «Жұмыс бастылықтың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру сұрағы бойынша азаматтарды қабылдау бір күні» акциясы өткізіледі. Іс-шараны өткізу қарсаңында барлық тілек білдіруші азаматтар мен заңды тұлғаларға біліктілікті консультациялық көмек көрсетіледі, халық жұмысбастылығы сұрақтары бойынша заңнама нормаларының түсініктемелері беріледі.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер кәсіптік дағдыларды дамыту бойынша тренингтер, тестілеу; ізденушілермен сұхбат және компания қызметі туралы тұсаукесер өткізеді.

 




Яндекс.Метрика