Евразиялық одақ

Польша кәсіпкерлері ЕАЭО-ны талқылады

Еуразиялық экономикалық одақ құрылуының поляк бизнесіне жасайтын ықпалы, VII Астаналық экономикалық форумның қорытындылары және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдардарламаларға түсініктеме беру мақсатында ҚР Варшавадағы Елшілігі арнайы баспасөз мәслихатын өткізген болатын.
Әлемде18 Маусым , 17:09

«Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық одақ» тақырыбымен Поляк баспасөз агенттігінде өткен іс-шараға ҚР Елшісі Ерік Өтембаев, «Серіктестік платформасы» Ынтымақтастық пен даму бойынша Польша-Қазақстан кеңесінің төрағасы, бұрынғы премьер-министр Казимеж Марцинкевич (Kazimierz Marcinkiewicz) пен Польша кластерлер одағының президенті Кшиштоф Крестовский (Krzysztof Krestowski) қатысты, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

«Қазақстанға инвестиция жасайтын поляк фирмалары бір мезгілде 170 миллион халқы бар Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығуға бірегей мүмкіндікке ие болады. Оған қоса Елбасы жақында Қазақстанда жаңа өнідірістер ашып, жұмыс орындарын беретін инвесторларға қосымша жеңілдіктер жасайтын жаңа мемлекеттік бағдарламаны бекіткен болатын», - деді Елші Е.Өтембаев.

«Еуразиялық кеңістікте экономикалық интеграцияны дамыту туралы шешімді өте қисынды деп санаймын, оның артықшылықтарын әлемдік тәжірибе айқын дәлелдейді», - деді өз кезегінде экс-премьер К.Марцинкевич.

Конференцияға қатысқан поляк БАҚ-тары Еуразиялық экономикалық одақтың еуропалық компанияларға ықпалы, инвестиция құю үшін келешегі мол өндіріс салалары, Орталық Азиядан Еуропаға жетелейтін бағыттардағы көлік және логистика мәселелерін шешу, т.б. мәселелер қызықтырды.

Жалпы, баспасөз мәслихаты Польшаның БАҚ-тары мен іскерлік топтары арасында Еуразиялық одақтың таза экономикалық сипатқа ие жоба болып табылатынын айқындап, бизнес үшін, соның ішінде поляк компаниялары үшін артықшылықтарын көрсетуге мүмкіндік берді.
 




Яндекс.Метрика