Евразиялық одақ

GLP стандарты қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттырады – А. Ильин

Жұқпалы ауруларға қарсы препараттар ғылыми орталығы Еуропаның аккредиттеу органдарында GLP (Тиісті зертханалық тәжірибе) халықаралық стандартына сәйкестігін растады. Аталмыш стандарт қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттырады және оған халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Жұқпалы ауруларға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ Президенті Александр Ильин мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан18 Маусым , 16:37

«Біздің орталық халықаралық стандарттар бойынша инновациялық дәрілік заттардың ТМД-дағы алғашқы сынақ орталығы болды. Ал «Инфекцияға қарсы дәрі-дәрмектердің ғылыми орталығы» АҚ Еуропалық аккредиттеу органдарында GLP халықаралық стандартына (Тиісті зертханалық практика) сәйкестігін растады және ТМД-дағы әзірлемелермен, ғылыми зерттеулермен және инновациялық дәрі-дәрмектер өндірумен айналысатын бірден-бір ұйым ретінде танылған. Жалпы, зертхана тәжірибесіне мұндай стандарттың енгізілуі қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттырып, тек Кеден одағы мемлекеттерінің ғана емес, сонымен бірге Еуразиялық одақтың, әлемнің басқа да елдерінің нарығына шығуына мүмкіндік береді», - деді Александр Иванович.

Оның айтуынша, бұл стандарттың зертхана тәжірибесінде енгізілуі қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттырып, тек Кеден одағы мемлекеттерінің ғана емес, сонымен бірге Еуразиялық одақтың, әлемнің басқа да елдерінің нарығына шығуына мүмкіндік береді. 


«GLP – бұл химиялық заттарды, пестицидтерді, гербицидтерді, косметика мен азық-түліктің дәрі-дәрмектерін қолданудың қауіпсіздігін бағалауға бағытталған стандарт», - деді Ильин.

«Тиісті зертханалық тәжірибе стандарты бойынша аккредиттеуге дайындық үдерісі – бұл ұзақ, біраз тер төгуді қажет ететін, айтарлықтай қымбат тұратын үдеріс. Және ол Германияның GLP федералды бюросында аккредиттеумен аяқталды», - деді ол. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика