Ұлттық интеллигенциясының рөлі

Павлодарлық студенттер Ғабдул-Уахит Хазірет мавзолейіне барады

«Халық тарих толқынында» акциясы аясында Павлодар студенттік құрылыс отрядтарының үздік құрылысшылары Ғабдул-Уахит Хазірет мавзолейіне барады.
Павлодар13 Тамыз , 00:00

«Экспедицияның мақсаты – Павлодар облысының қасиетті жерлерін зерделеуді насихаттау. Сапарға студенттік құрылыс отрядтарының үздік жұмысшылары, туған өлкесінің тарихы туралы білгісі келетін жастар қатысады», - деді С. Шалабаев.

Бұған дейін өңірдің 150 студенті Баянауыл мен Екібастұз аудандарындағы Мәшхүр Жүсіп Көпеев пен Исабек Ишан Хазіреттің мавзолейіне барып қайтты. 

«Тарихыңды білмесең болашағың бұлыңғыр болатыны сөзсіз, сондықтан біздің көшпелі экспедиция жас ұрпаққа Ертіс маңының тарихын зерделеуге көмектеседі. Осылайша, біз жастардың бойында патриотизмді қалыптастыруға әрекет жасаудамыз. Жас ұрпақ өңіріміздегі қасиетті орындар туралы білген соң, оған құрметпен қарайды деген сенімдеміз», - деп атап өтті С. Шалабаев.

Экспедицияға Павлодар облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар отрядтары Павлодар облыстық штабы, сондай-ақ «Көне Дала» қоры қолдау көрсетіп отыр. 

Ислам дінін насихаттаушы, хазірет Ғабдул-Уахит Павлодар облысы Шарбақты ауданының «Келдіқыз» жайлауында дүниеге келген. Алты жасынан бастап ауыл молдасынан, Семей өңіріндегі Қапияш, Шархы, Шәмші, Шериазидден деген ұстаздардан ислам діні жөнінде дәріс алады. 1873 жылы Бұхарай-Шәріптегі «Мір араб» медресесіне қабылданып, 15 жыл оқиды. Оқуын 1888 жылы бітіріп, хазірет атағына ие болып, туған еліне оралады. Есілбай ауылында Темірғалы болыс салдырған мешіттің имамы әрі ұстазы болған. Қызыл империя орнағанда, мешіт қиратылғанымен халық хазіретті ұмытқан жоқ. Егемендік алған жылдары 1997 жылы Есілбай ауылында Темірғалы мешіті жарқырап қайта бой көтерді. 

«Келдіқыз» жайлауында Ғабдул-Уахит хазіретке кесене тұрғызылған.




Яндекс.Метрика