Білім беру

Қазақстанның оңтүстік аймағындағы түлектерге гранттар бөлінді

Қазақстанда «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасын жүзеге асыру басталды. Бұл турлы «Өрлеу» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов мәлім етті.
Қызылорда18 Маусым , 16:07

Аталмыш жоба еліміздің оңтүстік өңіріндегі жастарға Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік аймақтарында білім алуына мүмкіндік береді, деп Қызылорда  облысының әкімдігінен хабарлады.

«Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында демографиялық көрсеткіш жоғары, сондықтан бос жұмыс орындарыда жетіспейді. Ал, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында жағдай керісінше мүлдем басқа. Бұл аймақтарда зауыт, фабрикалар көптеп салынуда. Есесіне маман тапшы. Ал, мына жоба болса осы олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған», - деді Мұрат Әбенов.

Осы мақсатта 7 жоғарғы оқу орындары мен 23 колледжге 1000 грант бөлінді.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру жолында құрылған Үйлестіру кеңесінің отырысында оқу орындарына грант беру механизмі түсіндірілді.

ҰБТ-дан аз балл жинаған және тегін білім алғысы келетіндер 22 шілдеге дейін Қызылорда қаласына келіп құжаттарын өткізуі керек.  Бұл мүмкіндік мектепті бітіргеніне көп болған, алайда ешбір жерге оқуға құжат тапсырмағандарға да беріліп отыр. Өзге қалада оқуға грант жеңіп алғандардың жолақысы толығымен өтелетін болады.

«Бұдан басқа олар жатаханамен және тамақпен қамтамасыз етілетін болады.  Оқу орнын тәмәмдаған студенттер туған жеріне немесе сол жерде қалып жұмыс істей алады», - деді Өрлеу» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы  Мұрат Әбенов.




Яндекс.Метрика