Инновациялар

Астанада 3D баспа мен сандық инновация техникасы бойынша семинар өтеді

«Ұлттық техникалық даму агенттігі» АҚ Корей ғылыми және технологиялық ақпарат институтымен (Корея) бірлесіп Қазақстан-Корей технологиялық әріптестігі қызметінің аясында бесінші Қазақстандық-Корей технологиялық семинарын ұйымдастырады.
Нұр-Сұлтан18 Маусым , 15:17

Семинар тақырыбы: «Сандық индустрия қарқыны: 3D– баспа, суперкомпьютер мен сандық инновация».

«ҰТДА» АҚ хабарлауынша, семинардың мақсаты 3D баспа, өндірістік модельдеу мен ақпараттық инжиниринг саласындағы қазақстандық және корейлік компаниялар арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Семинар барысында Корей ғылыми және технологиялық ақпарат институты мен қазақстандық ақпараттық технология мен өндірістік модельдеу саласындағы ұйымдар арасында ынтымақтастық құру мүмкіндіктері қаралып, өнімді прототиптеу бойынша қазақстандық компанияларға қызмет көрсетуге ұсыныс тасталмақ. 




Яндекс.Метрика