Мектептердің жоғары рейтингі – оқытушылардың тиісті жалақысы

2020 жылға дейінгі ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басты міндеттемелерінің бірі білім беруді қаржыландыру жүйесін жетілдіру болып табылады. Бүгінде республиканың 63 мектебі кісі басы қаржыландыруды тексеруден өткізуге кірісті.
Шығыс Қазақстан18 Маусым , 14:35

Пилоттық мектептердегі орта білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмін тексерудің қандай деңгейде өтіп жатқаны туралы бізге Семей қаласындағы (ШҚО) №10 орта білім беру мектебінің директоры Ләйлә Теміржанова айтып берді.

«Бүгінде біздің сынақтан өткізіп отырған жаңа қаржыландыру жүйесі мектептердегі білім беру сапасын арттыруға өзіндік үлесін қосуы керек. Бірінші кезекте бұл оқытушылардың кәсіби шыңдалуы, бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді», - дейді Л.Теміржанова.

Оның айтуынша, төмен жалақы көптеген оқытушылардың қосымша жұмыс іздеуіне әкеп соғады. Нәтижесінде екі жұмысты қатар атқарып, оқыту сапасы төмендейді.

«Кісі басын қаржыландыру орта білім беру мекемелерін қаржыландыру жүйесіндегі басты  және дұрыс қадам. Және де ол тек қана мектептің қаржылық тәуелсіздігін қаматамасыз етумен шектелмейді. Аталмыш механизмнің іске асырылуы мектептердегі әдістемелік қызметті реформалауға септігін тигізеді. Педагог мамандардың қызметінің нәтижелілігіне мониторинг жүргізу арқылы ұстаздардың шеберлігі тексеріледі», - дейді мектеп директоры.

Рейтинг технологиясы ұстаздардың өзінше ізденуіне және кәсіби мәселелерін өз бетімен шешуіне, біліктілік қабілеттерін тұрақты түрде шыңдап отыруына жол ашады.

«Рейтингтік бағалау нәтижесі бойынша персонал екі топқа бөлінеді: негізгі персонал (ұстаздар мен тәрбиешілер), мониторингтік топ және өзге де мектеп қызметкерлері.Педагогтар қызметін рейтингтік бағалау жекелеген рейтингтік жетістіктерді анықтауға да мүмкіндік береді. Менің қарамағымдағы ұстаздардың жоғары нәтижеге қол жеткізуі мені қуантады», - дейді мектеп директоры. 




Яндекс.Метрика