Басты

Жаңалықтар

  • Ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері Сенатта талқыланды 22 Ақпан 2019 2019 Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің ұйымдастыруымен «Ветеринарлық қауіпсіздік жағдайы және оны заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.
  • Құмар Ақсақалов: Солтүстік Қазақстан облысына 2 мың адам көшіп келеді 22 Ақпан 2019 2019 Өңiр басшысы Құмар Іргебайұлы Ақсақалов халық алдындағы есептiк кездесуде Солтүстік Қазақстан облысының даму әлеуетімен бөлiстi. Мәселен, облыс орталығы Петропавл қаласының 2015 жылдан 2018 жылға дейiнгі бюджетi 1,5 есе өскен. 28 млрд теңгеден 41 млрд теңгеге жетіп отыр. Есептік кездесуге ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев қатысты.
  • Атырау облысында көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек артады 22 Ақпан 2019 2019 Атырау облысында көп балалы, жалғызбасты және аз қамтылған жанұяларды қолдауға ерекше көңіл бөлінбек. Өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаев халық алдындағы есеп беруі кезінде қолға алынып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
  • Н.Назарбаев Үкіметті тарату жөнінде шешім қабылдады 21 Ақпан 2019 2019 "Үкімет пен Ұлттық банк экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ете алмады", - деп мәлімдеді Елбасы.
  • Есептік кездесу: Маңғыстау облысының жылдық қорытындысы мен даму жоспары 21 Ақпан 2019 2019 Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов алқа мәжілісінде өңірде тарифтер төлемақысын төмендету, экономиканы цифрландыру және көлік саласында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Өңірдің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Жеңіс Қасымбек: Қазір 537 мың, 1 миллионға жеткіземіз 21 Ақпан 2019 2019 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметке берген тапсырмалары қалай орындалып жатыр? ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өзіне жүктелген жауапкершілікті қаншалықты ақтады? Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин қатысқан алқа мәжілісінде министр Жеңіс Қасымбек өткен жылды қорытындылап, жаңа жылға жоспарларымен бөлісті.
  • Алматы облысы әкімінің халыққа есебі: баспанамен қамту, газдандыру және туризм 21 Ақпан 2019 2019 Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа тұрғындардан 60 жуық сұрақ қойылды. Талдықорғанда халық алдында есеп берген облыс басшысы өңірдің дамуы туралы негізгі баяндамасынан кейін тұрғындар сұрағына жауап берді. Жиынға ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жайсаң Ахметов, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы Айдар Арифханов қатысты. Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Дәурен Абаев: Журналистің аккредитациясын ешкім тартып алмайды 20 Ақпан 2019 2019 Кеше ғана ҚР Премьер-министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет үйіндегі мәжілісте «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы жайында баяндаған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев бүгін «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Алқа отырысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев қатысты.
  • Астана қаласы әкімінің есебі: Көпбалалы отбасыларға нақты көмек көрсетеміз 20 Ақпан 2019 2019 Өткен жыл еліміз үшін де, Елордамыз үшін де толайым табыстарға толы болды. Алдымызға қойған мақсатты межелер бағынды, алқымды асулар алынды деп өз сөзін бастаған Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беріп, 2018 жылды қорытындылады.
  • Түркістан облысы қалай дамып жатыр? 20 Ақпан 2019 2019 Аумақта газдандыру жұмыстары жанданып, инфрақұрылымы дұрысталып, өндіріс артуда. Автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 147 шақырымды құрайды. Жолдардың жайлылығын жақсарту жұмыстары жалғасуда.
  • Н.Нығматулин Аустрия Республикасына келді 20 Ақпан 2019 2019 Іс-сапар барысында Нұрлан Нығматулиннің Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің Төрағасы В.Соботкамен келіссөз жүргізуі жоспарланған.
  • Н.Назарбаев "Лукойл" басшысы В.Алекперовты қабылдады 19 Ақпан 2019 2019 Ресейдің «Лукойл» компаниясы қазақ нарығында белсенді жұмыс істейтін мұнай алыптарының бірі.
  • Жастар жылы: Парламент пен Үкімет үшін алынбайтын қамал жоқ 18 Ақпан 2019 2019 Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Аманұлы Кәлетаев депутаттарға ҚР Президенті жариялаған «2019 жыл - Жастар жылы» аясында атқарылатын жұмыстар жайында баяндады. Мемлекеттік жастар саясаты туралы заң іс жүзінде қалай жүзеге аспақ?
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты 18 Ақпан 2019 2019 Конференция 35 мемлекет басшысы мен премьер-министрінің, 50 елдің сыртқы істер министрі мен 30 мемлекеттің қорғаныс министрінің басын қосты.
  • Нұрсұлтан Назарбаев Садриддин Ахмедов сынды мықты спортшыларды қабылдады 15 Ақпан 2019 2019 «Ақорда» резиденциясында өткен кездесуге ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мен Қазақстандық әуесқой бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жаңа төрағасы Серік Сәпиев, жақында ғана АҚШ өткен фристайл-могулдан Әлем чемпионатының жеңімпазы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Юлия Галышева, кәсіпқой бокста жұлдызы жанып келе жатқан боксшы Садриддин Ахмедов, мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева, шаңғымен трамплиннен секіру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сергей Ткаченко қатысты.
Яндекс.Метрика