Басты

Үкімет

  • Елбасы Үкіметке қандай тапсырмалар жүктеді? 30 Қаңтар 2019 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында барлық министрлер мен әкімдер 2018 жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады. Барлық есеп тыңдалған соң Елбасы Үкіметке бірқатар тапсырмалар жүктеді. Үкіметке нақты қандай тапсырмалар жүктелгені туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Техникалық реттеу қалай жүзеге асырылады 15 Қаңтар 2019 Ішкі нарықта өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету және экспортқа жағдай жасау мақсатында 2018 жылғы 5 қазанда «Стандарттау туралы» және оған қоса берілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданған болатын. Бизнесті жаңа талаптарға қайта бағдарлау үшін Заңның күшіне ену мерзімі 2019 жылдың 11 сәуіріне белгіленді.
  • Алматы сапары: Бақытжан Сағынтаев шаһардың даму әлеуетімен танысты 21 Желтоксан 2018 Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президент жолдауларының іске асырылу барысымен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік бағдарламаның жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Алматыға барды. Премьер-Министр мегаполиске келген бойда ғылыми ұйымдардың және жоғары оқу орындарының жас ғалымдарымен, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді.Сондай-ақ, Visit Almaty туристік хабын аралады. Премьердің Алматыға сапарын толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • 2019: Электр энергниясы мен көмір тарифтері қалай өзгереді 26 Қараша 2018 ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысы Президенттің Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселеден басталды. Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында электр және жылу энергиясына қолданыстағы тарифтерді қалыптастыру, сонымен қатар энергетика қызметтері нарығындағы бағаның түзілуіне бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың жұмысы мәселелері талқыланған еді.Электр энергиясы мен көмір тарифтерін түсіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Астана болашақта қалай өзгереді 18 Қыркүйек 2018 Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, әкімдік Астана қаласының 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспардың жобасын әзірлеп, Үкімет отырысының қарауына ұсынып отыр. Жоба мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген. Жобаның артықшылығы туралы жұмысына білек сыбана кіріскен Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтып берді.
  • Жұмысы жоқ жастардың көбісінде орта білім ғана бар – министр 18 Қыркүйек 2018 Қазақстанда NEET жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша жол картасы әзірленді. Елде жастарды жұмыспен қамту өзекті мәселе болып саналады. Жол картасы аясында атқарылатын жұмыстар жастардың арасындағы жұмыссыздықты жояды. Жол картасының негізгі мақсаттары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі аграрлық секторды қолдаудың іс-шараларын әзірледі 14 Қыркүйек 2018 ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі жақын арада ұлттық экономиканың аграрлық секторын қолдау үшін жаңа іс-шараларды іске қосатын болады.Экономиканы жаңғыртудың Үшінші толқыны мен өсімнің жаңа моделін құрудың қазіргі жағдайында Агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы арта түсуде. Бұл — стратегиялық сала. Әлеуетті локоматив.
Инфографика
Мұрағат
Яндекс.Метрика