Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ШАРТ ҰЙЫМЫ

Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету қазіргі кезеңде тек қана орталық азия аймағы үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік қауымдастық үшін өзекті мәселе болып отыр.

Қазақстан Республикасы дәйекті түрде ел мен аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайды қалыптастыру, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұруда халықаралық құқықты негізге алу мен пайда болған қатерлерді бастапқы кезеңде шешу мен алдын-алу, олардың негізінде жатқан фундаментальды себептерді жоюға күш салады.

Аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзараықпалдастық пен үйлесімділіктің құралдарының бірі ретінде бүгінгі күні Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) саналады. ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіретін халықаралық аймақтық бірлестік болып саналады.

ҰҚШҰ негізгі мақсаты ретінде мүше-мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғау, ұлттық қарулық күштерді әскери және ұйымдастырушылық жағынан нығайту, ортақ ӘШҚ жүйесін сақтау, ТМД кірмейтін мемлекеттермен шекараны бірлесе қорғау саласындағы өзара ықпалдастық пен ынтымақтастықты қалыптастыру болып саналады.

Ұйымның жоғарғы органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК). Кеңес Ұйым қызметінің маңызды мәселелерін қарастырып, оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған шешімдер қабылдайды, сонымен қатар осы мақсаттарды шешу барысындағы мүше-мемлекеттердің қызметін үйлестіреді және біріктіреді. Кеңес құрамына мүше-мемлекеттердің басшылары кіреді.

ҰҚК сессияларының аралығында Ұйым органдары қабылдаған шешімдердің жүзеге асуындағы мүше-мемлекеттердің өзара ықпалдастығын үйлестіру мәселелерімен Ұйымның мүше-мемлекеттерінің өкілетті өкілдерінен құралған Тұрақты кеңес айналысады.

Сыртқы істер министрлері кеңесі (СІМК) – Ұйымның мүше-мемлекеттерінің сыртқы саясат саласындағы өзара ықпалдастығын үйлестіру мәселелерімен айналысатын кеңесші және атқарушы орган.

Қорғаныс министрлері кеңесі (ҚМК) – Ұйымның мүше-мемлекеттерінің әскери саясат, әскери құрылыс және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара ықпалдастығын үйлестіру мәселелерімен айналысатын кеңесші және атқарушы орган.

Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының комитеті (ҚКХК) – Ұйымның мүше-мемлекеттерінің өз ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзара ықпалдастығын үйлестіру мәселелерімен айналысатын кеңесші және атқарушы орган.

Ұйымның Бас хатшысы Ұйымының ең жоғарғы әкімшілік лауазымды тұлғасы саналады және де Ұйымның Хатшылығы жетекшілігін атқарады. ҰҚК шешімімен, мүше-мемлекеттер азаматтары қатарынан сайланады және Кеңеске есеп береді.

Ұйымның Хатшылығы – Ұйым органдарының қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық, сараптамалық және кеңесшілік жағынан қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты әрекет ететін орган.

Ұйымның тағы бір тұрақты әрекет ететін органы – ҰҚШҰ Біріккен штабы, 2004 жылдан бері жұмыс атқарып келеді және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың әскери құрамы бойынша ұсыныстар дайындау мен шешімдерді жүзеге асыруға жауапты.

ҰҚШҰ аясында Қазақстан стратегиялық бағыт ұстанады, ол бойынша Ұйым қорғаныстық бағытталған, қауіпсіздік саласындағы басқа да халықаралық ұйымдар үшін ашық және ынтымақтастыққа дайын кеңесші орган.

ҰҚШҰ қызметінің басты бағыттарының бірі халықаралық терроризм, экстремизм және соған қатысты саналатын қылмыстар – есірткі және қарудың заңсыз саудасы, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз миграциямен күрес саласындағы ынтымақтастық болып саналады. Мысалы, есірткі контрабандасымен күрес аясында ҰҚШҰ мүше-елдерінің өкілетті органдарының жетекшілерінің координациялық кеңесі құрылды, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары, шекара және кедендік (мысалы, «Канал» операциясы) қызмет күштерін тарту арқылы оперативтіалдыналу шаралары жүргізіледі.

Заманауи қауіп-қатерлерге шұғыл ықпал етудің әмбебап жүйесінің маңызды элементінің бірі ҰҚШҰ бітімгершілік әлеуетінің құрылуы болды.

Бүгінгі таңда бой көрсетіп отырған терроризм, экстремизм, наркотрафик және басқа да ұйымдасқан қылмыстардың өрши бастауына қатысты ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің қауіпсіздігін бұдан ары нығайту мақсатында ҰҚШҰ Шұғыл әрекет етудің ұжымдық күштерін қалыптастыру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, ұйым аясында ҰҚШҰ/ Ауғанстан ынтымақтастығын келесі бағыттар бойынша қалыптастыру көзделеді: аймақтағы өзекті қатерлерге қатысты ақпаратпен бөлісу, заңсыз миграция, контрабанда және есірткі заттарының транзитіне қарсы күш біріктіру.

Аталынған құжаттарды қабылдаудың нәтижесі және жалпы қорғаныс және сыртқы істер министрлігі, арнайы қызмет, қауіпсіздік кеңесі бағытындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша ҰҚШҰ тиімділігі артып, оның заманауи геосаяси және әскери-саяси жағдайларға бейімделуі, қабылданған келісімдер бойынша нақты механизмдерді қалыптастыру орын алды.

Айдарлар
Яндекс.Метрика