Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚАРУСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ ТАРАТПАУ

Қазақстанның қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруларын (ЖҚҚ) таратпау саясаты негізінде халықаралық қауіпсіздікті нығайтуды ұстанушылық, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жаһандық мәселелер мен қақтығыстарды реттестірудегі халықаралық ұйымдардың рөлін арттырудың негізінде жатқан Республиканың сыртқы саяси бағытымен анықталады.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың адамзатты ядролық қарудан азат ету және ЖҚҚ таратпау режимін нығайту саясаты халықаралық қауымдастықтың құрметіне ие болып, Қазақстанның ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы жаһандық көшбасшылығын бекітті.

Ядролық таратпау саласындағы болашақ саясаттың қалыптасуының алғашқы қадамы Семей ядролық полигонын жабу шарасы болды. Бұл әлемдік тарихтағы халықтың еркімен жабылған алғашқы ядролық полигон болды.

Он сегіз жылдан соң БҰҰ Бас ассамблеясы бұл күнді Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күні деп белгіледі.

1991 ж. Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина жетекшілері Алматы декла-рациясында бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналының жұмысына ортақ бақылау орнату тетіктерін нақтылады,     ядролық

қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстауда қандай да бір ауытқушылықтың орын алуы-на жол бермеу және КСРО-ның стратегиялық шабуылдық қару-жарақтарды қысқартуға қатысты халықаралық міндеткерліктерін мойындайтындықтарын құптады.

1992 ж. 23 мамырында Лиссабонда осыаталынған мемлекеттер мен АҚШ өкілдері бесжақты Хаттамаға қол қойды, ол бойынша төрт елдің территориясында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қатысты Стратегиялық шабуылдық қару-жарақтарды қысқарту мен шектеу келісімі ережелерінің орындалуына қатысты тараптардың жауапкершілігі расталды.

Лиссабон Хаттамасында сонымен бірге Беларусь, Украина және Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге ядролық қаруы жоқ мемлекеттер ретінде қосылуы туралы міндеткерліктер болды.

1992    ж. Қазақстанда Қатерді Бірігіп Қысқарту бағдарламасы (ҚБҚ) немесе «Нанна-Лугара бағдарламасы» деп аталған бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Ол бойынша 1991 ж. кейін тәуелсіздік алған Қазақстанның территориясында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың инфрақұрылымдары мен объектілерін жою мен залалсыздандыру, стратегиялық шабуылдық қаруларды жою, экспорттық бақылау жүйесін жасау, ядролық материалдарды басқару мен бақылауды жетілдіру, қорғаныс өндірісін консервациялау бойынша кешенді жобалар жүзеге асырылды.

1993    ж. қаңтарынан бастап Қазақстан химиялық қаруды жасау, өндіру, жинақтау мен қолдану және жоюға тиым салу Конвен-циясының мүшесі болды, 1999 ж. 24 ма-усымында заңдастырылған бұл Конвенция ережелерін орындау үшін Ұлттық орган құрылған.

1993  ж. 13 желтоқсанында ҚР Жоғарғы кеңесі Ядролық қаруды таратпау туралы келісімді бекітті. Қазақстанның ЯҚТК-ға қосылуы елдің сыртқы саяси бағытын жүзеге асырудың маңызды кезеңі болды.

ЯҚТК ядролық қаруға бақылау саласындағы жалғыз көпжақты келісім, ол бойынша мүше-мемлекеттер ядролық қарусыздануға қатысты шаралар қолданады.

Қазақстан ЯҚТК-ның ядролық және ядролық емес барлық мүше-мемлекеттері міндеткерліктерді орындау арқылы үздіксіз және кезеңдік ядролық қарусыздануды қолдайды.

1994  ж. 14 ақпанында Қазақстан Атом Энергиясы жөніндегі Халықаралық Агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды және ЯҚТК ережелеріне сәйкес 1994 ж. 26 шілдесінде Алматыда Қазақстан Республикасы мен МАГАТЭ арасында кепілдіктер туралы келісімге қол қойылды, ол 1995 ж. 19 маусымда ҚР Президентінің Қаулысымен бекітілді.

Барлық ядролық объектілер МАГАТЭ кепілдігінде және Қазақстанның ядролық қызметі Агенттіктің ережелері мен үлгісі бойынша жүзеге асырылады.

1994 ж. 5 желтоқсанында ЕҚЫҰ Будапешт саммиті кезінде Ресей, АҚШ және Ұлыбритания Қазақстанның, Украинаның және Беларусьтің ЯҚТК ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде қосылуына байланысты олардың Қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға қол қойды.

Бұл құжатқа қол қойылу Қазақстанның өз территориясынан ядролық қаруды шығаруға қатысты міндеткерліктерін толығымен және бүкпесіз орындауын халықаралық қауым-дастық тарапынан мойындау деп қарастыру қажет. Кейіндері осындай кепілдікті Қазақ-станға Қытай мен Франция да берген болатын.

Ядролық арсеналды шығару бойынша өзінің міндеткерліктерін орындағаннан соң, Қазақстан өз жеріндегі ядролық қарудың инфрақұрылымын жою мәселесімен және бұрынғы әскери өндіріс орындарын азаматтық мақсаттарға қолдануды жүзеге асыра бастады.

Осы мақсаттарға сәйкес МАГАТЭ бастамасымен Қазақстанға ядролық материалдарды есептеу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру, АЭС пайдалану, ядролық материалдар мен қондырғыларды физикалық қорғау бойынша Техникалық көмек көрсетудің координациялық жоспары жасалынды, оған Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Жапония араласты.

1996 ж. қыркүйегінде БҰҰ 51-ші сессиясы барысында Қазақстан Ядролық сынақтарға жалпылама тиым салу Келісіміне (ЯСЖТК) қол қойып, 2001 ж. 14 желтоқсанында бекітті.

ЯСЖТК қол қою арқылы Қазақстан Келісім аясындағы анықтаушылық режимін нығайтуға үлкен үлес қосты. ЯСЖТК ережелерін тиімді орындау мақсатында ҚР Үкіметі мен ЯСЖТК Ұйымының дайындық комиссиясы арасында Ядролық мониторинг құралдарына байланысты қызметтерді жүзеге асыру туралы Келісімге келді.

1994–1996 жж. ядролық қарусыздану саласындағы белсенді қызметінің арқасында Қазақстан 1996 ж. Қарусыздану жөніндегі конференцияның бақылаушысы, ал 1999 ж. 5 тамызда толық мүшелігіне өтті.

Қазақстан Бөлшектенетін материалдарды өндіруге тиым салу жөнінде келіссөздер жүргізу мен тез арада келісімді дайындау жағында, өйткені бұл ядролық қарусыздану мен ядролық қарудың таралуын алдын-алудағы маңызды қадамы болады.

2002 ж. 13 мамырында Қазақстан Ядролық жабдықтаушылар тобының (ЯЖТ) 40-шы мүшесі болды. Біздің ЯЖТ қосылудағы негізгі мақсатымыз терроризммен күрес ша-раларын белсендендіру, жаппай қырып-жою қаруының таралуына қарсылық, ядролық материалдардың қолданылуы мен тасымалда-нуына бақылауды күшейту болып табылады.

2004  ж. 6 ақпанында Қазақстан ҚР мен МАГАТЭ арасындағы кепілдірді қолдану туралы келісімнің қосымша хаттамасына қосылып, оны 2007 ж. 19 ақпанында бекітті (№ 229-II заң).

Қауіпсіздіктің жаңа қатерлеріне қарсы тұру мен халықаралық терроризммен күрес шараларын нығайту Қазақстанның таратпау көпжақты режимдеріне қосылу бойынша жұмыстарын белсендендіруді талап етеді.

2005  ж. Қазақстан «Краков бастамасы» атты Жаппай қырып-жою қаруының таралуы саласындағы қауіпсіздік бойынша бастамаға қосылды. Оның мақсаты – ЖҚҚ қатысты материалдарды тасымалдаған барлық әуе және теңіз кемелерін, жер бетілік көліктерді ұстауға қолдау көрсету болып табылады. Осы жылы Қазақстан сонымен қатар бактериологиялық және улы қаруларды жасау, өндіру мен жинақтауға қарсы және оны жою туралы конвенцияға да қосылып, оны 2007 ж. 7 мамырында бекіткен.

Қазақстан сонымен қатар Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006 жылдың шілдесінде көтерген Ядролық терроризм актілерімен күрес жөніндегі жаһандық бастамаға (ЯТАКЖБ) да белсене қатысады.

2006     ж. 8 қыркүйегінде Қазақстан Орталық Азияның басқа елдерімен қатар Семей қаласында аймақ бойынша Ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойды, бұл аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нағайтуға қосқан ауқымды ұжымдық үлес болды.

Аймақ елдері қарусыздану мен таратпау принциптерін қолдайтындықтарын және де қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірінің шешімін табуда ашық ынтымақтастыққа дайын екендіктерін танытты.

2007   ж. маусымда Астанада Жаһандық бастаманың сыртқы істер министрлері орынбасарларының үшінші кездесуі болып өтті. Елбасының 2010 ж. сәуірде Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитінде көтерген Қазақстанда ЯТАКЖБ Конференциясын өткізу бастамасына сәйкес 2010 ж. 28–30 қыркүйегі аралығында Астанада Терроризмді қаржыландыру бойынша ЯТАКЖБ конференциясы мен Жүзеге асыру және бағамдау тобының (ЖБТ) Бірінші отырысы өтті.

МАГАТЭ-мен ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі Қазақстан территориясында Агенттіктік бастамасымен Ядролық отынның халықаралық банкін (ЯОХБ) орналастыру мәселесін көтеру болып отыр.

2009 ж. 21 наурызында заңдастыру грамоталарын депозитарийде сақтауға алған соң (Қырғыз елі) Келісім күшіне енді. МАГАТЭ бұл келісімді ЯҚТК таратпау, жаһандық қарусыздану мен ядролық таратпау үрдісітеріне қосқан үлкен үлес ретінде таныды.

Қазақстан экспорттық бақылаудың халықаралық режиміне – Зымырандық технологияларға бақылау орнату режиміне (ЗТБР) өз кандидатурасын ұсыну бойынша жұмыстар жүргізді.

2009 ж. 23 сәуірінде ЗТБР мүше-мемлекеттері елшіліктеріне ресми нота жолдап, ҚР өзінің ЗТБР мүшелігіне тала-бын растап, ЗТБР ұстанатын принциптерін қолдайтынын мәлімдеді.

Қазақстан Австриялық топқа қосылу бойынша жұмыстар жүргізді. Австриялық тарап та өз жағынан Қазақстанның топқа қосылуына қолдау көрсететіндігін және АТ мүшелігі туралы ақпарат беруге де дайын екендігін білдірді.

2009  ж. 26 желтоқсанында Қазақстан өз территориясында NTI жобасы аясында Ядролық отынның Халықаралық банкін орналастыруға және ядролық отынды қажетті жағдайда сақтауды қамтамасыз ететіндігін ресми мәлімдеді, ал 2011 ж. 29 шілдесінде Қазақстан МАГАТЭ-ге Азбайытылған уранның халықаралық банкін (АБУХБ) орналастыру туралы ресми түрде мәлімдеме берді.

Елбасының бастам асы бойынша (18  маусым  2009  ж.)  БҰҰБА   2009 ж. 2 желтоқсандағы 64-ші сессиясы Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады.

Елбасының 2010 ж. Вашингтон мен 2012 ж. Сеулдегі Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте көтерген соңғы бастамаларының бірі болашақта Ядролық қарусыз әлем декларациясын талқылау мен қабылдау мәселесі болды.

Қаулыны жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың тамызында Астанада Халықаралық конференция өтсе, қыркүйекте БҰҰ Басхатшы Пан Ги Мунның қатысуымен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған БҰҰ Бас ассамблеясының арнайы сессиясы өтті.

2010 ж. 15 қарашасында қазақстандық тарап АҚШ, Ресей және МАГАТЭ-ның тығыз өзара ықпалдастығы негізінде Ақтау қаласынан БН-350 реакторындағы пайдаланылған ядролық отынды (ПЯО) Курчатов қаласындағы (ШҚО) Ұлттық ядролық орталықтағы ПЯО ұзақ мерзімдік сақтау алаңына жеткізу жобасын сәтті аяқтады.

2011 ж. Қазақстан Үкіметі Вассенаар келісіміне қосылу туралы шешім қабылдады.

2011 ж. 2 желтоқсанында бұл халықаралық режимге қосылу туралы ресми өтініш берілді.

2012 ж. 24 қаңтарында Қазақстан Жап-пай қырып-жою қаруының таралуына қарсы «Сегіздік тобы» (G8) елдерінің Жаһандық серіктестігіне қосылды.

Дүниежүзілік қарусыздану үрдісіндегі стагнациялық жағдайды есепке ала отырып, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі II Жаһандық саммитте Президент Н.Ә. Назарбаев Ядролық қаруды жалпылама горизонталды және вертикалды таратпау туралы жаңа келісімге қол қоюға шақырды.

Айдарлар
Яндекс.Метрика