Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ

Ф. Фукуяма өзінің жұмыстарында күшті мемлекеттер жайында жазды. Бұл дискурс оның барлық әлемдегі либерализмнің таратылуының әсерінен туған тарихтың соңы жайлы жазған мақаласын қызу талқылау кезінде күшейді. Ф. Фукуяма бойынша, күшті мемлекет – кедейшілік пен бұқаралық ауру-лардан қорғанушылықтың негізі.

Бұрынырақ мемлекет рөлі мәселелерін Энтони Гидденс жаһандану негізінде қарастырған. Оның пікірінше, мемлекет өз ықпалын сақтау үшін өзіне ұқсас және ұқсамайтын үшінші жаһандану – әлемдік азаматтық қоғамды құрайтын мемлекеттік емес жергілікті, аймақтық және халықаралық ұйымдар мен қауымдастықтар, топтармен сұхбат жасауға ашықтығын және тал-пынысын көрсетуі қажет. Мұндай басқару тұжырымдамасы тек мемлекетпен байланы-сты болмай орталықтанған әкімшілік және реттеуші тетік ретінде іске асырылады.

«Қалыптаспаған мемлекет» немесе Failedstate (ағыл.) анықтамасының жағымды мағынасында жасалған термин болып табылады.

«Қалыптаспаған мемлекет» термині өз территориясының көлемді бөлігін бақылауға қабілетсіз, орталық үкіметі әлсіз немесе тиімсіз мемлекетті сипаттау үшін қолданылады. 

«Қалыптаспаған мемлекет» түсінігін алғаш рет 1990-жылдары американдық зерттеушілер Джеральд Хельман мен Стивен Ратнер қолданысқа енгізді. «Қалыптаспаған мемлекеттер» 2006 ж. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясында жаңа қауіптердің бірі ретінде аталып көрсетілген болатын.

Қалыптаспаған мемлекеттердің келесі өлшемдері ерекшеленген:

- азаматтық соғыс жағдайында болу;

- мемлекеттік қарыздың сын көтермес деңгейі;

- шектен тыс инфляция;

- жаппай жұмыссыздық;

- ұдайы күштеу, этникалық тазалау;

- құқық қорғау органдарының әлсіз бақылануы;

- балалар мен сәбилер өлімінің жоғарылығы;

- сыбайлас жемқорлық;

- нақты және мойындалған шекараның жоқтығы;

- көпшіліктің ұдайы қарсылық көрсету толқулары;

- режимдердің жиі ауысуы мен тұрақсыздығы;

- қарулануды қадағалаудың нашарлығы;

- халықаралық деңгейде мойындалмау;

- ұлттық кәсіпорындар деңгейінің ең аз мөлшерде болуы.

Осыған сәйкес, қалыптасқан мемлекетте қарама-қарсы сипаттамалар болуға тиіс. «Қазақстан-2050» Жолдауында қалыптасқан мемлекеттің басты мағынасы екі бағыттағы қөзқарас тұрғысынан көрсетілген:

- стратегиялық мақсаттар қойып және оны мерзімінен бұрын шеше білу;

- үш кезеңдік транзитті немесе қоғамның өтпелі кезеңін игеру.

Айдарлар
Яндекс.Метрика