Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДИПЛОМАТИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Халықаралық экономикалық ынымақтастық саласында Қазақстан әлемдік нарыққа тереңдей ену мен ашық ұлттық экономика қалыптастырудың стратегиялық бағытын ұстанып келеді.

Елбасының Дүниежүзілік экономикалық форумға, Боаосс азиялық форумына және де Үлкен жиырмалық мемлекеттерінің көшбасшылары отырысы секілді халықаралық экономикалық форумдарға ұдайы түрде қатысуы айтарлықтай оқиғалар қатарында.

Жаһандық экономиканы жетілдіру бойынша жаңа шешімдер іздестіруде Қазақстанның жылсайынғы Алматы экономикалық форумын (АЭФ) өткізу туралы бастамасы үлкен үлес болды, өйткені аталынған шараға әлемнің жетекші сарапшылары, саясаткерлері, экономистері мен іскер топтардың өкілдері қатысады.

АЭФ сауда-экономикалық ынтымақтастықты орнатуға тиімді пайдаланылып, оның аясында ҚР компаниялары мен шетелдік кәсіпкер топтар арасында коммерциялық келісімдер мен шарттарға қол қойылып отырады.

Сонымен бірге Қазақстанның Дүние-жүзілік сауда ұйымына кіруі үрдісіне септесу бойынша белсенді жұмыс жалғасын табуда, бұл өз кезегінде бідің ел үшін тек экспорт нарығының кеңеюі ғана емес, сонымен бірге экономиканың жетекші салаларына инновациялық технологияларды тартудың жолы.

Халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдар мен даму институттарымен ынтымақтастық жұмыс режимінде жүріп отыр, өзара іс-сапарлар жүйелік және нақты мазмұнға ие болған, сырттан тартылатын қарыздардың көлемі артып, олардың ел дамуына қажетті әлеуметтік-экономикалық және индустраилдық-инновациялық мақсаттарға сәйкестігі де есепке алынып отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар БҰҰ экономикалық құрылымдары, оның ішінде Индустриалдық даму жөніндегі ұйым (ЮНИДО), Сауда жіне даму жөніндегі конференция (ЮНКТАД), Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссия (ЮНСИТРАЛ) бай тәжірибесі мен әлеуетін тиімді пайдалану қажет.

Қазақстан өзін жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде танытты. Бүгінде қазақстандық энергоресурстар Еуропа мен Азияның көптеген мемлекеттеріне экпортталады, яғни осы елдердің эконмикалық дамуына қолдау көрсетеді деген сөз.

Мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі «жасыл» экономиканы және дамыған елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен технологияларын пайдалану арқылы энергетиканы дамыту болып отыр. Осы бағыттағы маңызды оқиғалардың бірі ретінде Астананың «Болашақ энергиясы» атты «ЭКСПО-2017» халықаралық арнайыландырылған көрмесінің өткізілу орны ретінде таңдалып алынуы болды. Бұл шара Қазақстанның энергетикалық саладағы жетістіктерін мойындаумен қатар, еліміздің қарқынды және экологиялық таза экономиканы қалыптастырудағы күш-жігерін де қолдағаны болып есептелінеді.

Халықаралық ынтымақтастықтағы Қазақстанның рөлінің артуы, оның ішінде дамуға деген көмегі шетелдік мемлекеттерге эконмикалық көмек көрсетудің ұлттық тетіктерін қалыптастыру қажеттілігін танытты. Дамуға септігін тигізу саласындағы Қазақстанның халықаралық қызметіне жүйелілік беру мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар біздің тарапымыздан жүргізілып жатыр.

Бұл саладағы маңызды қадамдардың бірі ретінде Қазақстанның Алматыда БҰҰ аймақтық орталығы мен Халықаралық дамудың қазақстандық агенттігінн құру (KazAID) шараларын атауға болады. Мұндай құрылымдардың құрылуы Орталық Азия мемлекеттерінің іскерлік байланыстарының нығаюы мен жалпы аймақтық интграцияның күшеюіне жағдай жасайды.

Айдарлар
Яндекс.Метрика