Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИЫҰ СІМК ТӨРАҒАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы беделді үкіметаралық ұйым болып саналады.

Қатысушыларының саны, географиялық көлемі және арнайы құрылымдары жағынан БҰҰ-дан кейінгі ірі ұйым бола отырып, ИЫҰ жалпы тұрғындар саны 1,5 млрд болатын 57 мемлекеттің басын біріктірген.

1995 ж. Қазақстан оның толық құқықты мүшесі болды. Ұйым жұмысына белсене араласқан он-он бес жылдың ішінде Астана ИЫҰ мен оның институттарымен өзара ықпал-дастықтың жоғарғы деңгейіне қол жеткізді.

Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық өзара тығыз ықпалдастықтың мысалы бола алады. Мысалы, ИДБ қолдауымен Қазақстанда Исламдық қаржыландыру мен исламдық банк жүйесі туралы заң қабылданып, бірнеше инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды.

ҚР экономикалық әлеуетінің өсу мүм-кіндігін мойындай отырып, ИЫҰ Экономика және сауда ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комитеттің Бас Асссамблеясы Бюросының мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасы ұсынылды. ИЫҰ елдерімен гуманитарлық байланыстарды арттыруға Алматының 2015 жылы «Ислам мәдениеті астанасы» деп жари-ялануы ықпал етеді деп күтіледі.

Елбасының ИЫҰ Қазақстанның төрағалық етуі туралы шешімі ислам елдерімен арадағы байланысты жаңа деңгейге көтеру мен осы бағытағы бірқатар кешендік мәселелерді ше-шуге қатысты маңызды қадам болды.

***

2011 ж. 28–30 маусымы күндері Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясын қабылдай отырып, Қазақстан Ұйымның осы бір маңызды саяси органына Төрағалық етуін бастады. Бұл кездесу ИЫҰ маңызды саяси оқиғалардың бірі болды, өйткені Ұйымның атын Ислам Ынтымақтиастығы Ұйымы деп өзгерту туралы шешім қабылданды, Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия құрылды. Алғашқы рет ИЫҰ Орталық Азиямен ынтымақтастығының жоспары жасалынды.

Президенттінің 2011 ж. 28–30 маусым-да Астанада өткен СІМК 38-ші отырысындағы бағдарламалық баяндамасы мұсылман қауымдастығында жылы лебізге ие бол-ды және бұл біздің Ұйым төрағалығындағы күн тәртібіндегі мәселені анықтады. Ислам әлемін кешенді түрде қайта жаңғырту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрақты және қалыпты дамуды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тезірек шешу, өркениетаралық пікіралмасуды дамытуға жақыру ислам мемлекеттерінің ізденістеріне, әсіресе «араб көктеміне» қатысты саяси дүрбелең жағдайында өзекті жауап болды.

ИЫҰ төрағалығы барысында Қазақстан өзін күрделі саяси үрдістерге сындарлы ара-ласа алатын, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуды құптайтындықтың, мемлекет құрылысы жағынан, ұлттық экономика-ны дамыту, ұлтаралық және дінаралық пікіраламасуды сақтауда басқаларға үлгі көрсететін есейген және жауапты мемлекет ретінде танытты.

ИЫҰ Бас хатшысы Э. Ихсаноглудың пікірінше Қазақстан ИЫҰ қауымдасығының 56 мемлекетінің ішінде мұсылман үмбетінің түрлі саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға тиімді ықпал ете алатын жетекші мемлекеттердің бірі.

Қазақстандық төрағалықтың күн тәртібіне Астанада өткен ИЫҰ СІМК 38-ші отырысын-да Елбасы тарапынан айтылған бастамаларды жүзеге асыру мәселесі алынды. Мысалы, осындай қысқа мерзім аралығында Астанада ИЫҰ азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жаңа институтын құру туралы бастама ислам әлемі елдерінің қолдауы мен құптауына ие болды. Мұндай органның құрылуы ҚР маңызды халықаралық азық-түлік жөніндегі хаб ретінде құрылыуына жағдай жасайды, ол жерден бар-ша ислам әлеміне көмек көрсету жүзеге асы-рылады, ал ол өз кезегінде ҚР мұсылман елдеріне ауыл шаруашылық өнімдерін экс-порттауды дамытады.

Өзінің төрағалығы барысында қазақстандық дипломатия еліміздің Ба-тыс пен ислам әлемі арасындағы біріктіруші рөлін көтермелеу, Ұйымның халықаралық беделі мен басқа да ұйымдармен байланысын арттыруға қатысты жұмыстар жасады. Осы мәнмәтін бойынша ҚР ИЫҰ-ның ЕО, ЕҚЫҰ, ШЫҰ пікіралмасуын тереңдетуге қатысты шараларын айтуға болады. Бұл бағыттағы жұмыстар ИЫҰ мүшелері тарапынан және біздің халықаралық серіктестеріміз жағынан үлкен бағаға ие болды.

ИЫҰ АӨСШК, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезімен пікіралмасуды тереңдетуге ниет білдіріп, ядролық қаруды таратпау, Ауғанстандағы жағдайды жақсарту, G-Global алаңын дамыту секілді қазақстандық бастамаларға қолдау көрсетті. ИЫҰ Ұйымның G-20 өзара ықпалдастығына қатысты жеке резолюция қабылдады. ИЫҰ жанынан адам құқықтары жөніндегі Тәуелсіз тұрақты комиссияның құрылуы үлкен жетістік болды. Астана СІМК Ұйымның атауы мен таңбасын өзгертуге қатысты тарихта қалады.

«Араб көктемі» атты оқиғалар ИЫҰ-ның Ливия мен Сириядағы жағдайға қатысты ұстамын қалыптастыруға байланысты Қазақстанға айтарлықтай жауапкершіліктер артты. ҚР бұл қақтығыстардың интернационалдануына жол бермеудегі қатаң және дәйекті ұстанымы, мәселенің әр елдің егемендігіне құрметпен қарау арқылы шешу қажеттілігі, мүдделі тараптардың пікіралмасуын қамтамасыз ету ИЫҰ мемлекеттерінің ортақ ұстанымының қалыптасуына ықпал етті.

Қазақстан Ұйымның тарихында алғашқы болып Тунисте, Алжирде және Қырғызстанда өткен сайлауда бақылаушылар тобын басқарып барды және де елшілер деңгейінде палестина жеріндегі католик шіркеуінің мүліктерінің заңды дәрегейін талқылау мақсатында Ватиканға делегация ұйымдастырды.

2012 ж. қазанындағы ИДБ Президенті М. Алидің сапары барысында Қазақстанда ресми түрде «2012–2014 жж. арналған ҚР Үкімтеті мен ИДБ тобы арасындағы серіктестіктің елдік стратегиясын» ба-сталды. Бұл ИЫҰ аясында Президенттің бастамаларын жүзеге асыруға деген Банктің дайындығын танытады. Бұл стратегия Қазақстанның Банктің басымдықты серіктестері қатарына кіретіндігін танытып, ИДБ тарапынан түрлі ұлттық жобаларға қажетті қаржы көлемін 2 млрд АҚШ дол-ларына дейін ұлғайтуға болатын мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда біздің төрағалық аясын-да 40 астам түрлі шаралар өткізілген, оның ішінде 10 шара министрлер деңгейінде өтіп, ИЫҰ қызметі мен күн тәртібіндегі мәселелерді айтарлықтай байытуға ықпал етті. ҚР бас-тамасымен ИЫҰ органдарының жұмысы айтарлықтай жанданды: Сыртқы істер министрлерінің атқарушы комитетінің бес отырысы өткізілді, БҰҰ Басассамблеясының аясында жыл сайынғы координациялық кездесудің екі сессиясы, қоршаған орта, денсаулық сақтау, ғылым мәселелері бойын-ша бірнеше кәсіби конференциялар өтті.

ИЫҰ мүше-мемлекеттердің бағалауына сәйкес Қазақстанның төрағалығы Ұйым та-рихында түрлі оқиғаларға толы және нақты тәжірибелік шаралар өткен кезең ретінде қалды. Қазақстан ИЫҰ дамуына қосымша екпін беріп, оның қызметі аясын кеңейту мен Ұйымның күн тәртібіндегі мәселелердің ауқымының артуына ықпал етті.

Өз кезегінде аталынған төрағалық елімізге ислам әлемінде салмақты саяси капитал жинауға жағдай жасап, бұдан кейінгі кезеңде көпжақты және екі жақты серіктестікте тиімді пайдаланылатын тәжірибеге айналды.

Таяу ШЫғыс пен Солтүстік Африкадағы саяси үрдістердегі ИЫҰ маңызды рөлі, Ұйымға деген АҚШ, Еуропа елдері, РФ, Қытай, түрлі саяси бірлестіктер тарапынан қызығушылығының артуы ИЫҰ беделінің артып келе жатқандығын білдіреді.

Көріп отырғанымыздай ИЫҰ алдағы уақытта да ислам қауымдастығының өзекті мәселелерін талқылауға қажетті көпжақты алаң ретінде және де ислам әлемі мен Батыс арасын біріктіруші орта ретінде қызметін атқара береді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика