Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ ТӨРАҒАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

Қазақстан бірінші болып бұрынғы кеңестік республикалар арасынан және де тұрғындарының басым бөлігі мұсылман саналатын орталықазия аймағы мемлекеттері ішінен ЕҚЫҰ Әрекеттегі төрағасы атанды, бұл еліміздің айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгендігін халықаралық қауымдастықтың объективті мойындауы және де Қазақстанның аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан ауқымды үлесінің мысалы бола алады.

Біздің төрағалығымыздың – «Сенімділік», «Дәстүрлер», «Толеранттылық» және «Транспоренттілік» ұрандарының дәйекті түрде жүзеге асырылуы, әрбір серіктестің пікіріне деген риясыздық пен құрмет ЕҚЫҰ әрбір үш «себетін» тең толтыра отырып Ұйым дамуының негізгі сұрақтары бойынша консенсустық алаңды кеңіту мен нығайтуға мүмкіндік жасады.

Барлық мүше-мемлекеттердің «Корфу үрдісі» бойынша өзара сындарлы әрекеттестігі Ұйымның қызметіне жаңа дем беріп, қауіпсіздік мәселелері бойынша негізгі пікіралмасулық алаң ретіндегі маңыздылығын қалпына келтірді.

Қазақстан қару-жарақтарға бақылау режимін жандандыру және нығайтуға қатысты жалпылама әрекеттерге жаңа қарқын беріп, созылмалы қақтығыстарға қатысты қалыптасқан келіссөздер форматы бойынша жұмысты жалғастырды.

Приднестровьелік реттестіру үрдісінде айтарлықтай жағымды динамикаға қол жеткізілді, оның ішінде «5+2» бейресми кездесулерді өткізу шаралары да бар.

Минск тобы кавказ аймағының тұрақтылығының негізгі факторларының бірі – таулы қарабах қақтығысын шешу бойынша әрекеттерін жалғастырды.

Женева пікірталасының жағымды нәтижесі ретінде жанжалдарды болдырмау және оларға қатысты әрекет ету жөніндегі Двани/Эргнети механизмі жұмысының бір жылдық үзілістен кейін қайта жұмысын жалғастыруы болды.

Қырғызстанда орын алған қайғылы оқиға Әрекеттегі төраға ретіндегі Қазақстанға және ЕҚЫҰ жалпы қауымдастығы үшін айтарлықтай сынақ болды. Елдегі азамат соғысының орын алмауы, шиеленістікті төмендету мен елдің құқықтық алаңға қайта оралуында ЕҚЫҰ үлкен рөл атқарды.

Халықаралық терроризм мен экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз есірткі саудасы секілді трансұлттық қауіптер мен қатерлерге, сонымен қатар Ұйымнан тыс аймақтардан, әсіресе Ауғанстан территориясынан тарайтын қатерлерге қарсы тұру бойынша көпжақты өзара әрекеттестік жаңа сапалық деңгейге көтерілді.

Гуманитарлық өлшем бойынша бар назар ұлтаралық және дінаралық толеранттылық сұрақтарына аударылды. Осы бағыт бойынша жасалынған негізгі шара 2010 ж. 29– 30 маусымында Астанада өткен ұйымның Толеранттылық және кемсітушілікке қарсы жоғарғы деңгейлі конференциясы болды.

Қазақстан азаматтық қоғамнен ашық және сындарлы ынтымақтастықтың орнауын барынша қолдап, мемлекеттік емес ұйымдардың (МЕҰ) ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында және оның аясында Ұйым жұмысына белсенді және кең көлемде қатысуға мүмкіндік жасады.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша жаңа мыңжылдықтағы ЕҚЫҰ алғашқы саммитін өткізу төрағалықтың және де жалпы Ұйымның талас тудырмайтын жетістігі болды. Еліміз ЕҚЫҰ қажеттілігі мен өміршеңдігін дәлелдеді, бүкіл әлемге Ұйымның «Хельсенкиден Астанаға» дейінгі жетістікті эволюциясын көрсетіп, ЕҚЫҰ жұмысына жаңа импульс берді.

Төрағалықтың негізгі қорытындысы «Астана естелікті декларациясы: қауіпсіздік қауымдастығына бетбұрыс» қабылдануы болды, ол бойынша барлық мүше-мемлекеттер Хельсенки Қорытынды актісі мен Жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясында бекітілген ЕҚЫҰ аясындағы негізгі нормалар, принциптер мен міндеткерліктерге адалдықтарын құптады.

Астана декларациясы Ұйым алдында тұрған жаңа қатерлер мен міндеттерді нақты белгілеп, ЕҚЫҰ жауапкершілігінің дәстүрлі зонасы айтарлықтай өзгерістерді бастан өткергендігін және қазіргі таңда өте ауқымды Еуро-Атлантикалық және Еуразиялық кеңістікті алып жатқандығына қатысты жалпы түсінікті бекітті.

Бұл құжаттың маңызды аспектілеріне келесілерді жатқызамыз:

«Қауіпсіздіктің Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауымдастығы» термині мен түсінігін (алғашқы рет) бекіту. Бұл термин посткеңестік аймақты қауіпсіздіктің трансконтинентальдық архитектурасын қалыптастыру үрдісінің тең құқылы мүшесі ретінде қарауға мүмкіндік береді.

ЕҚЫҰ үш өлшемі бойынша барлық нормалар, принциптер мен міндеткерліктерге толық ұстанушылықты қайта құптау, сонымен қатар мүше-мемлекеттердің өз азаматтары мен бір-бірінің алдындағы олардың толық орындалуына дейінгі жауапкершілік. Бұл «қырғи-қабақ соғыс» кезеңіндегі көне стереотиптерді жеңудің нақты мүмкіндіктері пайда болғандығын және XXI ғасырда ЕҚЫҰ мүше-елдерінің өзара әрекеттестігінің жаңа кезеңінің басталғандығын білдіреді.

Баршаны қамтитын қауіпсіздіктің негізгі принциптері белгіленді. Кезкелген мемлекеттің бейтараптыққа деген құқығы құпталды.

Адами өлшемдердегі жауапкершіліктер қайта бекітілді, олардың кейбірі үкімет және мемлекет басшылары деңгейінде алғашқы рет қарастырылып отыр.

ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік сұрақтары жөніндегі айрықша пікіралмасулық алаң ретіндегі рөлі жеке қарастырылды. Қақтығыстар саласындағы принциптер мен жауапкерші-ліктер айрықша аталды, әсіресе қақтығыстарды бейбіт жолмен және келісілген форматтар аясындағы келіссөздер арқылы халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін ұстана отырып шешу.

Сенімділік және қауіпсіздік шаралары, сонымен бірге қару-жараққа бақылау орнату режимін жаңғырту және жаңалау қажеттілігі айтылды.

Трансұлттық қатерлер жеке қарастырылып, олармен күресте өзара күш-жігер біріктіру маңыздылығы аталып өтілді. Алғаш рет жоғарғы деңгейде терроризм, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз миграция, жаппай қырып жою қаруын тарату, киберқатер, жеңіл және атыс қаруының, есірткі мен адам заңсыз саудасы арасындағы өзара байланыс айтылды.

Ынтымақтастық жөніндегі Азиялық және Жерортатеңіздік серіктестермен өзара әрекеттестікті күшейту бойынша міндеткерліктер қабылданды, бұған тұрақты, тәуелсіз, дамыған, демократиялық Ауғанстан құрудағы халықаралық шараларға ЕҚЫҰ-ның қосқан үлесі жатады.

Сонымен бірге ЕҚЫҰ-ның тиімділігі мен ықпалдылығын нығайту бойынша жұмыстарды жалғастыру жөнінде міндеткерліктер алынды.

Қорыта алғанда, жалпысаяси қорытынды құжаттың қабылдануы ЕҚЫҰ барлық мүше-мемлекеттерінің сындарлы ұстанымының нәтижесі болды.

Қазақстандық төрағалықпен қалыптастырлыған сенімділік жағдайы Ұйымның дамуына үлкен қуат берді, ол үшін «Астана мұрасын» бұдан ары жүзеге асыру арқылы сақтап, нығайту қажет. Ал Қазақстан өз жағынан алдағы уақытта да Астана декларациясының рұхы мен емлесін өмірге енгізуге тырысады.

Айдарлар
Яндекс.Метрика