Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

КЕДЕНДІК ОДАҚ

Кедендік одақ құру Н.Ә.Назарбаевтың М.В:Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде 1994 жылдың сәуір айында оқыған тарихи лекциясында айтылған Еуразиялық интеграция идеясын іске асырудың маңызды кезеңі еді.

Интеграцияға қарай ірі қадам 1998 жылы ТМД елдері көшбасшыларының қабылдаған «қарапайым адамдарға қарсы 10 қадам» мәлімдемесі болды. Бұл бастама ТМД елдері арасындағы сауда мен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастарды біршама жеңілдетуге мүмкіндіктер берді. Атап айтқанда, 90 күнге дейін ТМД елдерінде рұқсатнамасыз, тіркелмей жүруге қатысты болды.

Осының негізінде интеграцияны тереңдету түрлі институттар мен қауіпсіздік құрылымымен бірге өзараәрекет ету механизмі арқылы басталған (мысалы, Ұжымдық қауіпсіздік және шекаралас елдер бестігінің ынтымақтастығы жайлы Келісім-шарт ұйымдастыру).

Интеграция Еуразиялық экономикалық қауымдастығын құру арқылы нығайды (ЕурАзЭҚ). Қауымдастық құрылу туралы келісім-шартқа 2000 жылдың қазан айында қол қойылды және 2001 жылдың мамыр айында күшіне енді. Жаңа мыңжылдықтың басталуымен еуразиялық интеграцияның жаңа кезеңі басталды.

Соңғы бес жылда ЕурАзЭҚ 2003 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында бақылаушы мәртебесін алуға дейінгі уақытта бірнеше маңызды институционалдану кезеңдерін өткізді. 2006 жылдың тамыз айында ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің президенттері Қазақстан, Беларусь және Ресей елдерін Кеден Одағын құруға және үш мемлепкеттің өзара саудасы бойынша тауар қозғалысы еркіндігін қамтамасыз етуге өкілетті етті.

Кедендік және реттеуші ұйымдардың өзара терең әрекеті басталды. 2009 жылы ТМД кеңістігінде Кедендік одақтың ұлттықтан жоғарғы органы – Кедендік комиссия құрылды және оның шешімі сыртқысауда саласы бойынша КО-тың барлық қатысушыларының территорияларында қолданылуға міндетті болып табылады, сонымен қатар Дағдарысқа қарсы қор, ЕурАзЭҚ жоғары технологиялар Орталығы.

Интеграция 2008-2009 жылдардағы халықаралық қаржылық-экономикалық дағдарыстардың салдарларын жеңуде жағымды рөл атқарды. Атап айтқанда, бірігу мен топтасу арқылы әлемдік экономиканың дамуының сын-қатерлеріне, оның тәуекелдерінің циклділігіне қарсы тұруда интегерацияның мүмкіндігі жоғары екендігін көрсетіп берді.

2010 ж. 1-ші қаңтарынан бастап Бірыңғай кедендік тарифтер (БКТ) және үшінші елдер тауарларына қатысты тарифтік емес реттеудің Бірыңғай жүйесі күшіне енді. Осылайша, үш мемлекеттің Кедендік одағы іске қосылды, «үштіктің» бірыңғай сыртқысауда саясаты қолданыла бастады. Осы жылдың шілдесінен бастап Кедендік одақтың Кедендік кодексі іске қосылды, өзара саудада кедендік рәсімдеу жойылды.

Халықаралық келісімдердің қатары күшіне енді. Санитарлы, ветеринарлы және фитосанитарлы шараларды қолдану саласында, өзіне келесілерді қосатын, бірыңғай құқықтық алаң қолданыла бастады:

- бақылаудағы өнімдердің бірыңғай тізімін қолдану;

- осы өнімдерге бірыңғай талаптар;

- Кедендік одақтың бірыңғай кедендік территориясына өнімдерді алып келінуі және олардың территория бойынша қозғалысының бірыңғай тәртібін пайдалану;

- Кедендік одақтың мүше-мемлекеттерінің барлығымен бекітілген талаптарға сәйкес қосымша растаусыз қабылданатын, бірыңғай формалар бойынша рұқсат қағаздарын рәсімдеу.

2011 ж. шілдесінде ішкі шекараларда кедендік бақылаудың алып тасталуына байланысты үш мемлекеттің бірыңғай кедендік территориясы түпкілікті қалыптасты. Осының барлығы интеграциялық үдерісті тереңдетіп, 2017 жылы Астана қаласында Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім-шартқа қол қоюға алғышарттар қалыптастырды

Айдарлар
Яндекс.Метрика