Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ДЖИ-ГЛОБАЛ (G-GLOBAL)

Джи-Глобал – Қазақстан Президентінің 2011 ж. желтоқсанында жаһандық дағдарысты жеңу мақсатындағы дамыған және дамушы елдер үшін біртұтас коммуникативті алаң ретінде ұсынған бастамасы.

2013 ж. қыркүйегінде Санкт-Петербугте өткен Үлкен жиырмалықтың саммитінде Президент Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, Джи-глобал – бұл G8 немесе G20 баламасы емес, бұл жаһандық пікір алмасудың қосымша жаңа құралы.

2012    ж. мамырда өткен 5-ші Астана экономикалық форумында Елбасы «Джи-глобалдың 5 принципі» атауына ие болған халықаралық үрдістерді реформалаудың принциптерін белгілеген болатын. Олар Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық еткен «төрт Т»: Trust - сенім, Traditions - дәстүрлік, Transparency - транспаренттік, Tolerance – толеранттылық девизінің сабақтастығы негізінде қалыптастырылды.

1. «Төңкеріс емес, эволюция.».

G-GLOBAL әлемінің принципі – бұл әлеуметтік-экономикалық жүйелердің да-муындағы эволюциялық дамуға сүйену, саяси дамудың төңкерістік үлгісінен бас тарту.

Төңкерістік өзгерістер тек ғылыми ілім мен технологиялар саласында ғана болуы мүмкін және жол беріледі.

Қоғамдық өмірдің демократиялық прин-циптер негізінде реформалар жолы мен жүйелі эволюциялық өзгерістер арқылы дамуы – XXI ғасырдағы бірден-бір прогресс жолы.

2. Әділеттілік, теңдік, пәтуә.

G-GLOBAL әлемінің үштік принципі барлық мемлекеттердің ұлттық мүддесіне сәйкес келетін мемлекетаралық қатынастар жүйесін қолдайтындығын білдіреді.

Елдерді ұлы және екінші деңгейлік, жетекші және жетектегі деген бөліністің орнына барлық елдер мүмкіндіктің теңдігіне қол жеткізетін жаһандық экономика, валюта жүйесі мен әлемдік саясат дамуынының әділетті негіздерін бекітуге келуі тиіс.

3. Жаһандық толеранттылық және сенімділік.

Жаһандық толеранттылық – бұл тек қана ұлтаралық, дінаралық және мәдениетаралық өзара инабатты диалог емес. Мемлекеттердің геосаяси салмағы мен ықпалы, тарихи тәжірибесі, экономикасы мен қоғамының даму деңгейіне қарамастан олардың арасындағы өзара қарым-қатынастар да толерантты болуы керек.

Бұл принциптің негізі – бұл «креативті сыныптың» заманауи тұжырымдамасындағы толеранттылық XXI ғасырдағы эконмикалық өсімінің маңызды факторы болуында.

Тек жаһандық толеранттылық пен сенімнің арқасында ғана адамзат өзінің тіршілік етуіне қажетті жаңа сапаға ие болып, зорлық-зомбылықтан, соғыстар мен қақтығыстардан ада тұрақты әлем жасауға қол жеткізеді.

4. Жаһандық транспаренттілік.
G-GLOBAL әлемі – бұл транспарентті (ашық) ұлттар қауымдастығы. Ол жерде түрлі үлкен, орташа немесе аз ұлттардың абыройын қорлайтын «қос қалыптық» болмауы керек.

Бұл үшін халықаралық қатынастардағы барынша ашықтық пен айқындылық қажет. Оларды «бөлу сызығы» мен «сахна артылық» келісімдерден азат етіп, әлемнің жаңа жетістіктерге жетуіне кедергі келтіретін өткеннің қалдықтарынан айыру керек.

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығы кезінде өзінің барлық серіктестерін осыған шақырған болатын.

ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу мемле-кеттер арасындағы өзара тиімді кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға аса қажетті жаһандық сұхбаттың ашықтығының шынайы өмірлік көрінісі болды.

5.Конструктивті көпполярлық.

Көпполярлы әлем құру – бұл XXI ғасырдағы жаһандық дамудың жаңа үрдісі. Көпполярлық – бұл адамзат өркениетінің алуан түрлілігін көрсететін объективті үрдіс.

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде эконо-микалық дамудың логикасы экономикалық дамудың аймақтық орталықтарының қалыптасуына жағдай жасады.

Қауіптер мен қатерлердің бірден-бір ба-ламасы – биполярлық әлемнің жағымсыз мұрасы саналатын қысымдық психология-сыз қалыптастырылған геосаяси тежеулер мен қарсы салмақтардың теңестіріген жүйесі конструктивті көпполярлық бола алады.

«G-Global» байланыс жасау алаңы әлемдік қауымдастықтың саяси, сараптамалық және іскер топтары арасында үлкен қолдауға ие бол-ды. Қазіргі таңда G-Global жер шарының 160 астам елінен 3 млн астам адамды біріктіріп отыр.

G-global алаңында неше түрлі ұшқыр жобалар жарық көрді. Мысалы, «ай тұлғасы» - G-Global инфо-коммуникативті интернет-алаңының интерактивті онлайн-конференциясы. Бұл жерде онлайн жағдайында әлемнің танымал тұлғалары мен жетекші сарапшылары www.group-global.org. Порталын пайдаланушыларға кеңестер айтып, олардың сұрақтарына жауап береді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика