Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ СЪЕЗІ

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының форумын 3 жылда бір рет өткізу тәжірибесі. Атау 2003 ж. 23–24 қыркүйегінде өткен діндердің 1 съезі аясында бекітілген болатын. Бұл ерекше форум болды, өйткені бұған дейін мұндай форумдар көп жағдайда діни қызметкерлердің бастамасымен өтіп келген еді. Мысалы, италияндық Ассизи қаласында өтетін форум немесе экуменистік шаралар. Экуменизм тек христиан қауымдастығы сұхбатына ғана арналған болатын. Бастауын 1986 ж. алатын Ассизи форумы 2001 ж. Қазақстанға келіп қайтқан Рим Папасы Иоанн Павел II бастамасымен шақырылған еді. Рим Папасы алаңдағы өшпес от алдында Екінші дүние жүзілік соғыс құрбандарын еске алған болатын. Рим Папасының бұл сапары Орталық Азия тарихындағы алғашқы сапар еді.

Осыған байланысты Астананы дінаралық пікіралмасудың орталығы атануы заңды деп қарауға болады.

2003 ж. Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының бірінші съезіне көптеген қонақтар мен шетелдік тілшілерді санамағанда 20 конфессиядан 135 өкіл келген еді.

Съезде Президент Н.Ә. Назарбаев ресми түрде Астана қаласынан әлемдік діндердің келесі съездерін өткізуге арналған тұрақты орын болатын Бейбітшілік пен келісім сарайын салуды ұсынған еді. Екінші съездің мерзіміне дейін – 2006 ж. 12 қыркүйегіне аталынған ғимарат жалпы дайын болды.

2006 ж. 1 қыркүйегінде Сарайдың салтанатты түрдегі ашылуы болды. Оған орталықазия мемлекеттерінің көшбасшылары қатысты. Концерттік бағдарлама аясында Сарайдың опералық театрынде әлемдік опералық жұлдыз Монсерат Кабалье өнер көрсетті. Сарайдың салтанатты ашылуы оның айрықшалығын танытса керекті.

Жалпы пирамида үйлесімділікті білдіреді. Сарайдың архитектуралық қалпы – пирамида өз бастауын Ежелгі Египеттен алады. Түстер мен көркемдік үлгі пирамиданың негізгі символдық мәнін танытады. Көкшіл түс бейбітшілік пен тыныштықты білдірсе, ақ түс – бұл нұр, сенім тазалығы, адамгершілік. Терезе әйнектеріндегі зәйтүн бұтағын тістеген көгершін   бейбітшіліктің   елшісі   іспетті.   Ал символикалық жинақталған кемпірқосақ болса түрлі әлемнің біртұтастығын танытады.

Жоғарғы символдық мәнді пирамиданың геометриялық көлемінен де байқауға болады. Пирамиданың іргетасы дүниенің негізі саналатын жер, ауа, су мен отты білдіретін куб түрінде жасалынған. Пирамиданың өз формасы үшбұрыш – қасиетті үштіктің нұр, жылу мен өмірдің көрінісі секілді. Бір ахитектуралық кешенде төрт және үш саны бар символикалық пішіндерді қосу көптеген халықтар мен діндерде кездесетін қасиетті жеті санын береді.

Ғимараттың дизайнын әлемге танымал архитектор, Гейстхед, Миллениум көпірі, Ұлыбританиядағы Британ мұражайының әйнек қалыбы, Гонконг әуежайы, Нью Йорктегі Херст мұнарасы,Швейцариядағы Мэри Экс зеңгір үйінің авторы – Норман Фостер жасаған. Н. Фостер сонымен қатар Астанадағы келесі бір ахитектуралық жоба – Хан Шатырдың да авторы.

Құрылыс жұмыстарын түріктің «Симболиншаат» компаниясы жүргізді. Ғимараттың биіктігі 77 метр. Жалпы көлемі – 35 мың шаршы метр. Құрылыстың негізі болат қаңқа. Сырты – тас пен витраждық әйнек. Пирамида жалпы саны 12 қабаттан тұрады, оның үш қабаты жер астында. Ғимарат ішінде 1,5 адамға арналған опералық театр, Астана университеті, мұражай, библиотека, мінәжат ету бөлмелері, конференц-залдар кешені орналасқан.

Кешеннің ерекшеліктері ретінде «үміт бесігі» мен «қысқы бақ» саналады. «Үміт бесігі» – бұл ашық алаң, аспанға көтерілген қолдар секілді алып тіреулермен тірелген. Бұл жерде орналасқан залдың көлемі 200 адамға арналған.

2006 ж. 12–13 қыркүйектерінде Әлемдік және дәстүрлік діндер басшыларының съезі осы  залда  өткен  болатын.  Жалпы  форум жұмысына 20 елден 73 делегация қатысты, олар барлық әлемдік және дәстүрлі діндер: ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және тағы басқа діндердің өкілдері еді. Құрметті қонақтар қатарында атақты саяси және қоғамдық қайраткерлер болды, олардың арасынан ЮНЕСКО бас директоры К. Мацуура, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары С. Орджоникидзе, Малайзияның экс-премьер-министрі М. Махатхир секілді тұлғаларды атап айтуға болады.

Форум «Дінаралық пікіралмасу принциптерін» қабылдады. Съезд жұмысының қорытындысы бойынша Съезд жанынан Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын құру туралы бастама көтерілді.

2009 ж. 1–2 шілдесі күндері Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі «Толеранттылық, өзара құрмет және ынтымақтастық негізінде құрылған әлемдегі діни басшылардың рөлі» атты тақырыпта өтті. III съезд жұмысына әлемнің дәстүрлі діндерін ұстанатын 35 елден 77 делегация қатысты.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2008 ж. 13 қарашасында қабылданған қаулысына сәйкес съезд БҰҰ жүйесінің қатысуы мен техникалық көмегі негізінде жүрді.

Дінаралық келісім мен тату көршілікті нығайту, әлемдегі қақтығыстық жағдайларды шешудің жолын іздестіру мақсатында Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Діни көшбасшылар кеңесі құрылды. Оның құрамына ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, синтоизм және зоростризмді ұстанған 15 рухани қызметкер кірді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының IV съезі 2012 ж. 30–31 мамырлары аралығында Астана қаласында «Адамзат таңдауы бейбітшілік пен тыныштық» деген жалпы тақырыппен өтті. Форумға әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдері саналатын 40 астам елден 87 делегация және де беделді діни және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мұндай съездер өткізу тәжірибесі жалғасын табады. Қазақстан Республикасы Сенатының спикері басқаратын Съезд Хатшылығы жұмыс жасайды. 2013 ж. 25 қыркүйегінде Астанада Форумның 10 жылдығына арналған Съезд Хатшылығының отырысы мен халықаралық конференция өткізіледі.

Айдарлар
Яндекс.Метрика