Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ

Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына он сегізінші жолдауы, Елбасының 2012 ж. 14 желтоқсанында Тәуелсіздік күнінің 21 жылдығын тойлау қарсаңына екі күн қалғанда сөйлеген сөзі.

Президенттің Жолдау мен үндеу тәжірибесі осы лауазым жарияланғаннан бері бастау алды. Бірінші Жолдау 1990 ж. мамырына белгіленгенмен, 1995 ж. дейін ол Жоғарғы Кеңеске бағытталған болатын. Президент халыққа тікелей үндеуін тек қана төтенше жағдайда МКТЖ-мен байланысты 1991 ж. тамызда, содан кейін 1992 ж. қаңтарда тәуелсіздік алғаннан кейін ғана жолдады.

Президенттің Халыққа жолдауының жыл сайынғы тәжірибесі 1995 ж. бастап жаңа Конституциямен мемлекет басшысының міндетіне жүктелгеннен кейін енгізілді. Президенттің осындай алғашқы Жолдауы «1997 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары мен еліміздің жағдайлары туралы» деген дәстүрлі атпен 1996 ж. қазан айында жарияланған еді.

Алайда, көбірек есте сақталғаны ҚР Президенті Жолдауының саны бойынша екіншісі: 1997 ж. қазанда жарияланған «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы».

2001 ж. Жолдау алғаш рет күзде емес, көктемде  оқылды, ол бюджет үдерістеріне едәуір ықпал етті. Осы жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың 10 жылдық жобасы қабылданды. 2004 ж. бастап осы жыл мен өткен жылдардағы Жолдауларда айтылған Президенттің тапсырмалары көрініс табатын жалпыұлттық жоспарларды қабылдау тәжірибесі жолға қойылған. 2002 ж. бастап жыл сайын белгілі бір саяси бағыттағы тақырыпты жариялау тәжірибесі тоқтатылды. «Ауылдың үш жылы» жарияланған болатын.

«Қазақстан-2030» Стратегиясынан бастап әр Жолдау іргелі бөліктен басқа тәжірибелік бөлікті де құрайды. Онда мемлекеттік органдар үшін нақты тапсырмалар көрініс тапқан. Бұл 2006 жылғы Жолдаудан анық көрінеді. Онда практикалық шаралар әрбір тараудан соң жеке блок ретінде көрсетілген. 

ҚР Президенті Жолдаудың барлығын дерлік толық көлемде Парламентте оқыды. 1998 ж. Жолдауға қосымша ретінде «Қазақстан-2030» Стратегиясының жүзеге асырылуы жайында баяндама таратылды, 2007 ж. Жолдау екі бөлімнен тұрды, біріншісі оқылды, ал екіншісі тек қана жазбаша түрде көрініс берді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауы алғаш рет Парламентте оқылған жоқ, ал жиынға Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері ғана қатысып қойған жоқ. Мемлекет басшысы Жолдауын сол кезде салынып жатқан Астанадағы Опера театрында оқыды. Жиынға қоғамдық ұйымдардың, жетекші конфессиялардың өкілдері, елшілер, Қазақстанның марапатталған азаматтары қатысты.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы «Қазақ-стан-2030» Стратегиясынан өзінің көлемі жағынан 1,5 мың сөздей артық екенін айта кеткен жөн. Жаңа стратегия Қазақстан тарихында Президенттің ең көлемді Жолдауы болып табылады.

Құрылымы жағынан Жолдау 3 бөлімнен тұрады:

- бірінші бөлімде «Қазақстан-2030» Стратегиясының жүзеге асырылу қорытындыларымен қатар, Қазақстаннның негізгі жетістіктері көрсетілген;

- екінші бөлімде еліміздің халықаралық қауымдастықтың бөлігі ретінде ескеруге тиіс 10 сын-қатерлер мазмұндалған;

- үшінші бөлімде жаңа саясибағытымыздың 7 бағдары көрсетілген.

Ең бастысы жаңа Стратегия бұрын жарияланған «Қазақстан-2030» Стратегиясы-ның орындалуына дейін кезектен тыс қойылып отыр. Бұған үш ірі дәлел ықпал етті:

1. «Қазақстан-2030» Стратегиясының жылдамдатылып орындалғанын түйінді әлемдік рейтингілердегі Қазақстанның позициясы айқындап отыр; 

2. Болжамдау мен жоспарлаудың парадигмалары өзгерді. Болжамдау көкжиегі кеңеюде. Жетекші агенттіктер мен сарапшы құрылымдар болжамдардың ақырғы нүктесін 20 жыл алға қойды. Сондықтан да болжамдар 2050 ж. дейінгі кезеңді қамтиды;

3. Қазіргі әлемде болжамдар ғылымға ғана емес, басқарылатын модельдеудің құралы есебіндегі саясатқа да тиісті болып отыр.

«Қазақстан-2030» Стратегиясынан бастап, әрбір жолдаудағыдай, «Қазақстан-2050» Стратегиясында да жаңа саяси терминология қойылып отыр. Бұл дискурс-парадигманың әрбір он жыл немесе одан да жиірек өзгеріп отыруының жалпыәлемдік үдерісі болып табылады. Ол әсіресе, халықаралық қаржы-экономикалық жүйедегі алғашқы жаһандық дағдарыс ретінде сипатталған 2008–2009 жылдардағы оқиғалардан кейін айқын болды.

Жалпы, сарапшылар тарапынан «Қазақстан-2050» Стратегиясы ұзақ мерзімді өтпелі кезеңнен қалыптасқан мемле-кет санатындағы тұрақты даму сатысына өтуді бастан кешумен байланысты еліміздің дамуындағы маңызды межесі деп бағаланады.

Айдарлар
Яндекс.Метрика