Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҰЛТТЫҢ БІРІКТІРУШІ ӨЗЕГІ

Бұл төңірегінде ұлт (қоғам) қалыптасуы мен шоғырлануы қамтамасыз етілетін этносты білдіретін термин. Мемлекет қалыптастырушы, титулды этнос.

«Титулды ұлт» түсінігін ХІХ ғ. соңында француздың индивидуалист-жазушысы және ұлтшыл саясаткер Морис Баррес қолданысқа енгізген болатын. Баррестің ойынша, бұл басым этностық топ, соның тілі мен мәдениетінің негізінде мемлекеттік білім беру жүйесі қалыптасады. Баррес негізгі ұлтқа халық саны аз ұлттарды да (өздерінің ұлттық мемлекетінен тысқары жерде тұратын ұлт өкілдері, мысалы, Эльзас пен Лотарингияны мекен еткен француздар), этностық диаспораларды да (белгілі бір ұлттық мемлекеттің территориясында тұратын этностық топтар, мысалы, Франциядағы еврейлер мен армяндар) қарсы қояды.

Баррестің пікірінше, ұлттық мемлекет тек екі жағдайда ғана берік бола алады: халық саны аз ұлттар мен этностық диаспоралар негізгі ұлттың мемлекетіне төзімділік танытып, ал негізгі ұлт болса, шет елдегі халық саны аз ұлттарға барынша қолдау көрсеткен жағдайда.

Дегенмен, Қазақстанда біріктіруші қоғамдық өзектің өзіндік түсінігі қалыптасты.

Қазақстанда тәуелсіздік алған кезден бастап ұлттық рухтың серпілуі байқалады.

Тұңғыш Президент – Елбасы рөлі айырықша болды, ол ұлтшылдықтың орын алуына жол бермей, елдің ілгері жылжуына пәрменді ұлттық патриоттық күш бағыттады. Қазақтардың өзін мемлекетті қалыптастырушы этностық топ ретінде сезінетіндей және шоғырландырушы тарихи мәдениөркениеттік өзек ретінде өз әлеуетін үдемелі арттыра алатындай бір үлгі қалыптасты.

Аталған үрдістің маңыздылығын 2006 ж. ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясы арттыра түсті.

«Тәуелсіздіктің бастауында біздің мемлекеттік ұлттық саясатымыз екі мәселені шешуге тиіс болды, – деп атап көрсетті Қазақстан Президенті. – Бұл мемлекетқұраушы ұлт ретінде қазақтардың құқықтарын іске асыру және барлық азаматтарымыздың ұлттық белгілері бойынша құқықтарын шектеуге жол бермеу. Біз екі міндетті де сауатты түрде шеше алдық.

15 жыл ішінде қазақтар статистика бойынша ғана емес, іс жүзінде де шынайы қалалық ұлтқа айналғанына назар аударушылар некенсаяқ. Қазақстандық қалалардың әлеуметтік құры лымында шағын партиялық буын мен гуманитарлық зиялылардан басқа қазақтардың басым бөлігі еңбекақысы төмен және беделі аз жұмыспен айналысқаны бәріміздің есімізде. Қазіргі таңда бизнестің барлық құрылымдарында, менеджмент, ақпараттық-технологиялық және басқа да барынша беделді салаларда қалалық қазақ тұрғындары кеңінен қамтылған. Қоғамда болып жатқан өзгерістерді түсінудегі бұл ілгері қадамның қағидаттық маңызы бар. Қазақтардың ұлттық мәртебесі мен ұлттық өзін-өзі бағалау деңгейі мемлекет құраушы ұлт мәртебесіне сай келді».

2008 ж. Қазақстан халқы Ассамблеясының XIV сессиясында этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің бес негізгі қағидалары тұжырымдалды: – халықтың бірлігі; ұлттың ең маңызды құндылықтары – толеранттылық пен жауапкершілік; мемлекетқұрушы этностың шоғырландырушы рөлі; этностық, діни, мәдени, тілдік әр алуандылық – баға жетпес байлық; мемлекет мәдениет пен тілдер дамыту үшін барлық жағдайлар жасайды.

Ассамблеяның XV сессиясында Ел бірлігі доктринасы жобасының тұсауы кесілді, бұл құжаттың маңыздылығын ескере отырып, оны Елбасы бүкілхалықтық талқыға ұсынды.

Сессияның барысында ұлттық бірліктің негізгі ұғымдары мен мәселелері түйінделді: ұлттық бірлік дегенде біздің елімізде тұратын этностық, діни және басқа да әлеуметтік-мәдени топтардың шоғырланған қауымдастығы ұғынылады. Қазіргі әлемдегі ұлттық бірліктің шарттары анықталған: жалпы ортақ мемлекетті бірігіп құру, толеранттылық, азаматтық және мемлекеттік тілді міндетті түрде білу.

Ұлттық бірлікті нығайту қажеттілігі елдің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуден, елді үдемелі дамытудан, барлық азаматтардың игілігінен туындайтыны баса айтылды.

Сессияда қазақ халқының тарихи миссиясы – байырғы қазақ жеріндегі қазақ мемлекеттілігі мен тәуелсіздікті сақтай отырып, ұлттық бірліктің шоғырландырушы өзегіне айналу миссиясы жарияланды. Ұлттық бірліктің  негіздері  қатарында  ортақ  тарих, барлық қазақстандық этностар үшін ортақ құндылықтар – Тәуелсіздік, үлкенді құрметтеу, отбасына құрмет, балаларға қамқорлық, жарқын қонақжайлық, көршілермен татулық аталды. Ақырында, бұл – елдің тәуелсіздік алуымен Қазақстан азаматтарының жалпы таңдауына негізделген болашақтың жалпыға ортақтығы.

«Қазақстан-2050» стратегиясында Президент қазақтардың ішкі бірлігін, мәдени этностық кодты қамтамасыз ету, тарихи сана қалыптастыру, зиялы қауымның рөлі, соңында әрқилы этностардың тең құқықтары мен мүмкіндіктері мәдениетін қалыптастыру мәселелерін ерекше бөліп көрсетті.

2013 ж. 24 сәуірінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында қазақтардың шоғырландырушы фактор ретіндегі рөлі Елбасы сөзінің өзегін, өзгеше жаңашылдықты құрады. Қазақтардың тарихының тұтастығын қабылдау ниеті, Ассамблеяның өзіндегі қазақтардың рөлі атап көрсетілді. Ал Ассамблея тек этностық топтардың институты ғана емес, саясаттан жоғары бүкілхалықтық институт болуы тиіс деген ой айтылды.

Қазақстан Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқының ұлттық өмір тәртібін жаңа сипатта көрді десек, артық айтпаспыз.

Бұл көзқарас этносаралық қатынастар саласын дамытуға деген мынадай жаңашыл қатынастармен сипатталады:

Біріншіден, ел дамуының жаңа кезеңінде Ассамблея Қазақстандағы аса маңызды жалпыазаматтық, саясаттан жоғары және бүкілхалықтық институт ретінде көрінеді, ол тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің берік іргетасы.

XXI ғасырда Ассамблеяның миссиясы тарылмайды, керісінше кеңейетіні түбегейлі маңызды.

Президент бұл жаңа үлгіні нақты белгіледі: «Ассамблея – бұл бүкілхалықтық өкілеттілік!», бұл болса қоғамның тұтастығын сақтау үшін өте маңызды.

Ассамблея «Әр алуандылықтағы тұтастық» ұстынын нақты іске асыра отырып, барлық этностардың мүдделерін қорғайды.

Қазақ халқы – тұтас ағзаның өзегі әрі жүйеқұраушы тіні. «Қазақтардың өздерінің белсенді қатысуынсыз Қазақстанда ешқандай да ұзақ мерзімді қоғамдық келісім болуы мүмкін емес».

Бұл тұрғыдан алғанда бүкілхалықтық пен жалпыазаматтылық – бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген байырғы қазақ жері мен Қазақстан халқының өз болмысы.

Президент сондай-ақ «біздің ұлт» институтының жалпыазаматтық сипатына айқын басымдылық береді. Ұлт – толыққанды рухани-үйлесімділік, құрылымдық-ұйымдасушылық, құндылықтық бағдардағы макросоциум ретіндегі қалыптасқан мемлекеттің тұтастай азаматтық-құқықтық, мәденитарихи, территориялық-экономикалық қауымдастығы.

Осылайша, Елбасы Ассамблеяның полиэтносты қоғамның жалпыазаматтық бірігуінің жаңа форматы екендігін бекітті.

Екіншіден, жалпы алғанда бүкіл қоғамның, жекелей алғанда Ассамблеяның алдында тұрған бірқатар идеологиялық міндеттерді белгіледі.

Бірінші міндет – Қазақстанның барлық этностық, әлеуметтік топтары үшін ұлттық-мемлекеттік қауымның қуатты тарихи өзегі ретіндегі ұлттық бірлік үдерісіндегі қазақ халқының рөлін бекіту.

Бұл үдеріс бірлік, төзімділік және патриотизм негізінде жүзеге асуы тиіс.

Елбасы міндетті айқын белгіледі: бізге қоғамды біріктіретіндей тұтас әрі жағымды жалпыұлттық тарихи сана қажет.

Мұндай сананы қалыптастырудың әдіснамасы қазақтардың ұлттық тарихын біртұтас ажырамас үдеріс ретінде қарастыруға және бұл үдерістегі қазақтардың басқа халықтармен экономикалық өзара әсеріне, сондай-ақ басқа әртүрлі этностардың ел тарихына қосқан үлесіне негізделуі тиіс.

Он жеті миллион азаматтардың ассамблеясы – бұл жалпыға ортақ құндылықтық өлшемдерді жасап шығарудың нәтижесі, олардың негізінде энергетиканы болашаққа жұмылдыратын біріктіру бастаудың қазақы менталдық-тарихи және мәдени-дәстүрлі іргетасы жатыр.

Қазақ халқының «Ел-Жұрт», «Жеті ата», «қонақжайлық», «асар», «сыйластық», «сабырлылық» сияқты көпғасырлық тарихи дәстүрлері мен әлеуметтік-мәдени нормалары қазақтардың дүниетанымы мен өмірлік үрдістерінің негізінде жатып қана қойған жоқ. Олар Қазақстанның ұлттық өмір тәртібі деп аталатын дүниенің негізін құрады.

Бұл құбылыстың төлтумалылығы толеранттылықты қалыптастыратын қазақтардың төлтума әлеуметтік-мәдени нормаларын, ғұрыптары мен дәстүрлерін ЮНЕСКО материалдық емес жалпыадамзаттық мәдени мұрасының тізіміне кіргізу туралы ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.

Үшіншіден, Ассамблея мемлекеттік тілді қолданудың таралу саласын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруы қажет. Ол бүгінгі күні ұлтты нығайтатын басты фактор болып отыр.

Ең алдымен, қазақ тілі – мемлекеттің тілі. Коммуникацияның басты құралын игермей отырып, елдің тиімді азаматы болу мүмкін емес.

Бізге толерантты лингвистикалық ортаны нығайту қажет, оның барысында мемлекеттік тілді игеру әркімнің де ішкі мұқтаждығы болуы тиіс.

Мемлекеттік тілді игерудің осы заманғы әдістемелерін одан ары жетілдіру мен кеңейту ерекше көңіл бөлуді керек етеді.

Атап өтетін бір жайт, Қазақстан ұлт және ислам мәселесі төңірегінде «азия барыстары» қатарындағы Индонезия және Малайзия елдерінің даму әдістерін қолданды. Осылайша, Президент Н.Ә. Назарбаев өз қызметі барысында Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Махатхир Мохаммадтың саясатын үлгі тұтатынын атап өткен болатын.

Махатхир Мохаммадтың 1969 ж. орын алған этносаралық қақтығыстардың нәтижесінде қалыптасқан ұстанымы – байсалды ұлтжандылық және ислам. М. Мохаммад билеуші партиялардың бірі болып саналатын Біріккен Малай Ұлттық ұйымын (БМҰҰ) басқарды. Партия «нәсіларалық ынтымақтастық» және құрамы малай ұлтының өкілдерімен қатар жергілікті халықтардың («бумипутерлер») өкілдерінен тұратын «біртұтас малайзия халқын» қалыптастыруға талпынды. Біріккен Малай Ұлттық ұйымы «малай экономикасының», малай тілі мен мәдениетінің дамуын алға тартты.

Қазақстанда Малайзия және өзге де елдердің тәжірибесіне сүйене отырып билеуші партия жүйесі қалыптасты. Бұл жөнінде Тұңғыш Президент – Елбасы 2006 ж. «Нұр Отан» партиясының бірігу съезінде атап өтті. «Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ірі әрі мықты партиялар ортақ мақсаттарға жету үшін ұлтты бір қанаттың астына жұмылдыра отырып, ел дамуына өз септігін тигізеді».

Осылайша, «Нұр Отан» партиясы қазақстандық қоғамның біріктіруші өзегінің бірден-бір үлгісі болып табылады. Осыған орай, 2007 ж. конституциялық реформаның нәтижесінде Елбасының партияға жанама емес, тікелей төрағалық етуінің маңызын ерекше атап өтуге болады. 2013 ж. қазанындағы партияның XV съездінде ұзақ мерзімді саяси Доктрина қабылданды.

Айдарлар
Яндекс.Метрика