Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ

Тура мағынасында бұл термин интеллектуалды қызметпен, яғни зерттеулермен, халық алдында сөз сөйлеумен, халықпен жұмыс істеу және үгіт насихат жұмыстарымен кәсіби түрде айналысатын адамдар тобын білдіреді. Аталмыш терминнің пайда болуы он тоғызыншы ғасырға жатқызылады.

Интеллигенция өз кезегінде өнер, ғылыми, техникалық және педагогикалық интеллигенция деп бөлінеді.

Интеллигенция тобы бірінші өнеркәсіптік төңкеріс пен баспа жарияланымдардың пайда болуы кезеңінде шыға бастады. Интеллектуалды салалардың мамандануы мен жіктелуі жүзеге асты. Интеллигенция қалыптасуының әлеуметтік базасын діни сенімдегі адамдар, ірі бюрократия, дворяндар, қолөнершілер мен әскери қызметкерлер құрады.

Қазақстанда құрамында билер, қажылар, жыраулар, күйшілер, бақсылар мен ақындар бар өзіндік «далалық» интеллигенция қалыптасты.

Қазақ интеллигенциясының бірінші өкілдерінің бірі ретінде қазақ даласында он тоғызыншы ғасырдың аяғында ерекше құрметтеліп, мәртебелі болған Абай Құнанбаевты есептеуге болады. Ол қазақ тілін байытып, ұзақ уақытқа қазақтардың әдебиеті мен қоғамдық ойының дамуын анықтаған болатын. Оның туындылары әлі күнге дейін оқылып, зерттелініп жатыр. Абайдың ізбасары оның немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлы болды.

Абылай ханның ұрпағы Шоқан Уалиханов қазақ интеллигенциясының тарихында маңызды рөл ойнады. Оның сол кезде тыйым салынған Қашғария жерінде болғаны өзіндік бір өмірлік ерлікке бара бар болды. Оның еңбектерін Орыс географиялық бірлестігі мойындаған болатын.

Ыбырай Алтынсарин қазақша зайырлы білім берудің негізін қалады. Ол қазақ тілінде басылып шығарылған алғашқы оқулықтардың авторы болып табылады.

Олар халықты ағартудың жолын тапқан алғашқы қадам жасаушылар болды. 1905 ж. Қазақстанда дала халқының шығармашылығы мен мәдениетінің бай тарихи мұрасына сүйенген ұлттық интеллигенцияның негізі қаланды. 1917 жылға дейін интеллигенцияның тұрақты құрамы пайда болды. Кейбір деректер бойынша, ол жоғары білімге ие жүз адам және гимназия, мектеп тәмамдаған мың адамнан тұрды.

Осы кезеңде құрамында А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалары бар ойшылдардың тұтас шоғыры қалыптасты. «Қазақ» (1905), «Айқап» (1911–1915 жж.) газеттерінің редакциялары интеллигенцияны қалыптастырудың

орталықтарына айналды. Осылайша ХХ ғ. басында бірінші қазақ үкіметіне айналған «Алаш Орда» интеллектуалдық күші пайда болды. ХХ ғ. 20–30 жылдары Орталық Азияның түріктік бірлігі үшін күрескен Т. Рысқұлов маңызды рөл ойнады.

Құрманғазы Сағырбаев, Жамбыл Жабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансігүров, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышпаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров сияқты танымал жазушылар қазақ халқының рухани өмірінің дамуына зор үлестерін қосты. Мұстафа Шоқайдың еңбегі де ерекше бағаланады. Бұл соғысқа дейінгі кезеңде қызмет еткен көрнекті ұлттық интеллигенция өкілдерінің есімдері.

Дегенмен бірінші толқынды ұлттық интеллигенция сталиндік режимнің жаппай қуғынсүргініне ұшыраған болатын.

Кеңестік интеллигенциясының қалыптасуы келесі кезеңге жатқызылады. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Тахауи Ахтанов, Әбділдә Тәжібаев, Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев, Дмитрий Снегин, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Ілияс Есенберлин, Морис Симашко, Әнуар Әлімжанов сияқты жазушылар мен Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Нұрлан Оразалин, Жұмекен Нәжімеденов, Фариза Оңғарсынова және т.б. ақындар қазақ халқының рухани дамуында ерекше рөл ойнады.

1946 ж. Қаныш Сәтпаев басқарған Ғылым академиясының ашылуы Қазақстан үшін маңызы зор болды. Шафик Чокин, Әлкей Марғұлан, Ермұхан Бекмаханов, Өмірзақ Сұлтанғазин, Мұрат Жүрінов сияқты ғалымдар ғылыми салада танымалдылыққа иеленді.

Ахмет Жұбанов, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Еркеғали Рахмадиев, Әзірбайжан Мәмбетов, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова сияқты тұлғалар Қазақстан мәдениетін дамытуға ерекше үлестерін қосты.

Жоғарыда аталған адамдардың барлығы да ұлттық игілікті құрап, Қазақстанның интеллектуалды капиталының мықтылығын көрсетеді.

Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық интеллигенцияны мемлекет болашағының негізі мен қазақстандық ұлттың алтын ғасырындағы жетістіктері деп атаған болатын. Бұл орайда оның 2008 ж. Болашақ бағдарламасы түлектерінің форумында, кейін 2009 ж. әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75-жылдығына арналған дәрісінде интеллектуалды ұлтты қалыптастыру идеясын ұсынғаны кездейсоқтық емес.

Мұның алғышарты Қазақстанда қазіргі күні білім беру мен ғылыми серпілістің жүріп жатқанынан көрініс табады. Астанада жаңа ұрпақтың университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері құрылды. Ғылымның жаңа жүйесіне, яғни мамандарды үш сатылы дайындықтан өткізуге (бакалавр, магистрлар, PhD докторлар) ауысу үрдісі іске асырылды.

Қазақстанның интеллектуалды қоғамдастығының өкілдері ретінде Ұлттық ғылым академиясы, Ұлттық инженерлік академиясы, Тарихшылардың ұлттық конгресі, Саясаттанушылар конгресі, әлеуметтанушылар, психологтар, философтар және әлеуметтік қызметкерлер ассоциациялары сияқты бірқатар кәсіби мамандандырылған бірлестіктер қызмет етеді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика