Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ КОНСЕНСУС

Терминологиялық консенсус – белгілі бір ұлттың тіліне жаңа терминдерді аудару мен оны келістіру жөніндегі ұлттық келісім.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ тілінің дәрежесі көтеріле бастады. Кеңестік дәуірде ол тек тұрмыстық тіл деңгейінде қалып қойды. Қоғамдық орындарда, еңбек ұжымдары арасында қазақ тілін қолдануды шектейтін қатаң жүйе орнады. Елімізде қазақ тілі орыс тілінің ығында қалып қойып, тіпті жойылып кету қауіпі де төнді. Тіпті қазақ ұлты саны жағынан да аз ұлттардың қатарына ене жаздады. 1989 ж. жүргізілген санақ мәліметтері бойынша қазақтардың саны небәрі 39%-ды құраса, ал, 50-60-шы жылдары бұл көрсеткіш 30%-дан да төмен еді. Елдің толығымен қазақ тіліне көшуі барысында біршама қиындықтар осымен байланысты еді. Орыс тілін жаппай қолдану жағдайында бірнеше буын өсіп шыққан болатын. Сондықтан бірден қазақ тіліне көшу негізгі емес ұлттардан басқа қалада өскен қазақ ұлтының өздеріне де біршама қиындықтар туғызды.

Зерттеушілердің айтуынша, қазақ этносының орыс тілін үстемдігін үдетпей, оған қарсы тұра алуының басты себебі – олардың бұл жағдайға ерекше мықты иммунитетінің болуы. Осы орайда ауыл тұрғындарының үлесі зор.

Дегенмен, қазақ тілінің сақталып қалып, қайта жаңғыртылуының басты факторы - оның байлығы мен тарихының тереңдігі.

Қазақ тілінде диалект сөздерге бөлінушілік жоқ, бірақ дегенмен, сөйлеу ерекшелігін үш түрге бөледі: солтүстік-шығыстық, оңтүстік және батыстық, яғни, үш жүздің территориясына сай келеді. Өзге елдерде ұзақ тұрудың салдарынан Қытай (оңтүстік және батыстық ерекшелік) және Моңғолия (солтүстік-шығыстық ерекшелік) қазақтарының лексикасында ерекшеліктер байқалады. Бірақ шетел қазақтары мен жергілікті қазақтардың сөйлеу мәнерінде асқан айырмашылықтар жоқ.

Ғалым Ш. Құрманбайұлының келтірген мәліметтері бойынша қазақ тілінің заманауи терминологиялық қоры XIX ғ. таман, яғни, Абай мен Шәкәрімнің өз шығармаларында философиялық терминдерді, ал Шоқан Уәлиханов географиялық терминдерді қолдана бастаған кезеңнен бастап қалыптаса бастады.

Терминологияны жүйелі түрде қалыптастыру ең алғаш ХХ ғасырдың басына таман «Алаш» партиясының негізін қалаушы зиялы қауымның көмегімен жүзеге асырыла бастады. Олардың қатарында: А. Байтұрсынов

– лингвистикалық және әдебиеттанулық терминдер, Х. Досмұхамедов - медицина және биология саласында, Ж. Күдерин – ботаника, Е. Омаров – физика және геометрия, М. Жұмабаев – педагогика, Ж. Аймауытов – психология, К. Сәтпаев – алгебра саласында терминдер енгізді. Сонымен қатар, әскери терминология да болды.

1924 ж. Орынборда өткен қазақ ғалым-дарының І-ші съезінде терминдерді енгізудің ұстындары тұжырымдалды.

Қазақ тіліне терминдерді ендірудің құлдырау кезеңін, орыс тілін кеңінен қолдану мақсатында Кеңес дәуіріндегі тіл саясатының концепциясы қабылданған кезеңмен байланыстырады. Сол кезеңдердегі салалық терминдердің 70–80% ешбір өзгеріссіз орыс тілінен енді.

2000-шы жылдар мемлекеттік тілдің дамуы шарықтай бастаған кезеңі. 2001 ж. қазақ тіліндегі терминологияның 31 томы жарық көрді. 2004 ж. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік терминологиялық жұмыс тұжырымдамасы қабылданды және 2010 ж. мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесі аясында Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын.

Тілді дамытудағы келесі нәтижелер аталып өтті:

- мемлекеттік тілде оқытудың инфрақұрылымы елеулі түрде кеңейтілді: қазақ тіліндегі балабақша саны – 1178 (2001 жылмен салыстырғанда 876-ға өскен, мектептер
- 3821 (2001 жылмен салыстырғанда 173-ке артты), 101 мемлекеттік тілді оқыту орталығы құрылды;

- іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсенді түрде іске асырылып келеді (мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы шамамен 80%-ды құрайды);

-  мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасы әзірлену үстінде (көп деңгейлі оқуәдістемелік кешендер, жалпы таралымы 720 мың дана 10 түрлі сөздік, жалпы таралымы 260 мың дана екі және үштілді 8 салалық сөздік жарық көрді);

- интернет-портал құрылып, тұрақты түрде жаңартылып отырады (сервистің 20-дан астам түрі, әлемнің 50 елін қамтитын белсенді тұтынушылар аудиториясы бар);

- мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығаюда (мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) контентінде қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі, сонымен қатар баспасөздегі мемлекеттік тілдің үлесі 50%-дан жоғары);

- шетелде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде;

- Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.

Қазіргі таңда қазақ тілінің алдында бірнеше күрделі мәселелер тұр:

1. Қазақ тілін дұрыс қолдануды қамтамасыз ету. Сарапшылардың пікірінше, мемлекеттік тіл дұрыс қолданылмайды. Мысалы, сыртқы жарнамалардағы сөздер қазақ тіліне ешбір мағынасыз тікелей аударылған, мүлдем түсініксіз.

2.   Жаңа терминологияларды қабылдау мен аудару арақатынасын дұрыс сақтай отырып, кеңейту.

3. Латын әліпбиіне көшу барысында қазақ тілінің одан ары жаңғыртылуы мәселесі бойынша міндеттер қойылды.

Тұтастай алғанда, қазақ тілінің коммуникативтік аясын және әлеуметтік қорын кеңейтуде біраз міндеттер тұр.

Айдарлар
Яндекс.Метрика