Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ҚОҒАМЫ

Этностық және басқа да шығу тегіне, діни сенімі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін мүмкіндіктердің теңдігі – бұл қағида Қазақстан Республикасы Конституциясында жарияланған.

Біздің ешқайсымыздың да бір біріміздің алдында әуел бастапқы артықшылығымыз жоқ – бұл қағида біздің бірлігіміздің ғимаратының берік іргетасы болып табылады.

Бұл ұстын Қазақстанның әрбір азаматы артықшылықтар немесе шығу тегіне қарап емес, өзінің қабілетінің арқасында табысқа жетіп, өз мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған дегенді білдіреді. Отан мен қоғамға қызмет етуге бағытталған қабілет пен дарын еркін дамытылуы тиіс және ештеңемен де шектелмеуі керек.

Бұл қоғам мен мемлекеттің өзінің дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызады: неғұрлым көп адам өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашқан сайын соғұрлым мемлекет бекіп, қоғам ұйыса түседі.

Мемлекет барлығы үшін әділетті әрі тең шарттар қалыптастырады. Бұл жеке меншіктің еркін дамуын қамтамасыз етеді, ал бұл болса, елдің гүлденуінің қажетті алғышарты. Қазақстан үшін, оның осы шағы мен болашағы үшін орта тапты жедел қалыптастырудың экономикалық және құқықтық негіздерін орнықтыру өмірлік тұрғыда маңызды.

Теңдік ұстыны ауыл тұрғындары мен қала тұрғындары өмірі мен мәдениетінің бірдей тең деңгейін, сондай-ақ қайта көшіп келген отандастарымыздың қала өміріне бейімделіп, урбанизация үдерістерін басқаруын білдіреді.

Мүмкіндіктердің теңдігі әркімнің этностық тегі мен шығу тегіне қарамастан өз мәдениетін, дәстүрлері мен тілін дамытуға құқылы екендігін, қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық саласына қатысу құқығын да аңғартады.

Бұл концепттің көптеген қырлары бар. «Қазақстан-2050» Жолдауында оның бірнеше қатары қарастырылған.

Тұтасымен мемлекеттік қызметтер және ақпараттық технологиялар жүйесі – азаматтардың игіліктерге тұрғылықты жеріне қарамастан жететін тең мүмкіндігі. Елде азаматтар негізгі қызмет көрсетуге, мысалы тұрғындарды қамтамасыз ету Орталықтары арқылы құжаттау қызметін пайдалануына мүмкіндік береді. Кезектер мен әлеуметтік қарбаластар жоқ.

Енгізілген біртұтас ұлттық тестілеу жүйесі мүмкіндіктерді теңестіріп, біліктілік деңгейін мойындаудың жалпы стандартын жасады. Қазіргі кезде БҰТ тапсыруды ғаламтор арқылы тапсыруға мүмкіндіктер жасалуда.

Дарындыларды жетілдіру мақсатында Назарбаев Университеті және Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылды.

Президент ұсынған Жаппай еңбек Қоғамы идеологиясының негізінде әлеуметтік модернизация тұжырымдамасын қабылдауда тең мүмкіндіктер беруге мән берілуде.

Ұлттық экономиканы қалыптастыруда қаланған тиімділік принциптері тұрғындарды барынша тартуды және экономикалық даму капиталы мен тұтас қоғамды қайта қалпына келтіруді болжайды. Экономиканың жоғарыөндірістік салалардағы еңбек ресурстары мен капиталын топтау кіші және орта бизнестің дамуымен қатар кіріс деңгейінің 2050 жылы әлемнің 30 жетекші елімен салыстыру деңгейі бойынша орта топты құруға әсер етеді.

Енгізу принципін іске асыру аймақтардың тең дәрежеде әлеуметтік-экономикалық дамуының өсу негізін қалыптастыру арқылы әсер етеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бір де бір ел табысты ірі қалаларсыз кірістің жоғары дәрежесіне көтеріле алмайды. Агломерациялар елдің тұрғындарын тарту орталығына айналады және адам капиталын жоғары сападағы білім, медицина, ақпарат және көлік қызметтерін тиімді пайдаланумен, бәсекелестікті арттыру мен шетелдік инвесторлар үшін жақсы жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Тұтасымен, агломерация дамуы кірістердің тең бөлінуіне, қылмыстың азаюына, адам капиталының даму сапасының артуына алып келетін әлеуметтік-экономикалық дамуға әсер етеді.

Бұдан басқа тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің нақты белгілері ашып көрсетіледі.

Жолдауда «гендерлік теңдік пен әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету» қажеттілігі аталып өтті. «Бұл орайда мен сөзімді ең бірінші жұмыс берушілерге арнаймын», – деп атап өтті Президент Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстан гендерлік саясатты жүзеге асыруда әсері мол табыстарға қол жеткізді.

Мәселен, Social Watch халықаралық ұйымының жариялаған «Гендерлік теңдік индексі-2012» деректерінде Қазақстан ТМД мемлекеттерінің бірқатарынан озып, гендерлік теңдік деңгейі бойынша 31-ші орынды иеленді.

ҮЕҰ мәліметтері бойынша мемлекеттік қызметшілердің ішінде әйел адамдардың үлесі

– 50 мыңнан астам немесе 57% құрайды. Президент кеңесшісі – 1, министр – 3, вице-министр – 5, министрліктердің жауапты хатшысы – 5, премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары – 2, мәжіліс аппараты жетекшісінің орынбасары – 5, облыс әкімінің орынбасарлары – 5. Жоғары саяси мемлекеттік қызметкерлердің ішінде әйел адамдардың үлесі 10% шамасында.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат істері бойынша ұлттық комиссия гендерлік саясатты жүргізу жұмысын өз қолына алып отыр. Оның ең басты міндеті Қазақстан Республикасында 2006–2016 жж. бағдарланған Гендерлік теңдік стратегиясын және мына халықаралық келісімдерді орындау болып табылады:

- Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі әрекеттердің пекиндік платформасы (1995 ж.);

- Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық формаларын жою туралы БҰҰ конвенциялары (1998 ж.);

- Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенциялар (2000 ж.);

- Тұрмыс құрған әйелдің азаматтығы туралы конвенциялар (2000 ж.);

- 1951 ж. қабылданған № 100 құны тең еңбек үшін әйел мен ер адамдарға теңдей ақы төлеу ХЕҰ конвенциялары (2000 ж.);

- Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық формаларын жою туралы конвенцияға қосымша хаттама (2001 ж.);

- БҰҰ мыңжылдықты дамыту мақсаттары ішіндегі «Ер адамдар мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты үшінші мақсаты.

Басты аспект – жетімдікті игеру және бала құқықтарын қамтамасыз ету.

Қазақстанда 37 мың шамасында жетім мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар өмір сүреді. Олардың көбісі интернатта емес, отбасыларда тұрады. Жалпы, қазақстандықтардың балаларды асырап алу белсенділігі жоғары: 38 мың бала ( ақырғы 14 жыл ішінде асырауға берілген балалардың 80%) қазақстандық отбасыларға қабылданған.

Сонымен бір мезгілде арнайы мемлекеттік мекемелерде орналасқан 75 мыңнан астам қазақстандық балалар жақсы көретін жанұясының айналасында тәрбиелену құқығынан айырылған. Бұл балалар зорлық-зомбылықтан қорғауды қажет етіп, қамқорлық пен жылулыққа душар болып келеді. Оған қоса, ерекше қажеттіліктері бар 154 мың қазақстандық бала болашақта әлеуметтік оқшауланудан қорғану мақсатында арнайы бағдарламалардың шеңберінде белгілі бір қызмет көрсетулерді қажет етеді.

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың тек үштен бір бөлігі сондай білім мен қызмет көрсетулерге қол жеткізе алады. Оның себебі ауруларды ерте анықтау мен маман-дәрігерлерге қаралу жүйесінің кемшіліктері мен инклюзивтілік мәдениетінің жоқтығы болып табылады.

Қазіргі таңда бала құқықтарын қорғау саласында кезекті шаралар іске асырылып жатыр: бала денсаулығын қорғау, халықаралық стандарттарға сай кәмелетке толмағандарға қатысты әділеттіліктің өз міндеттерін атқару саласында қазақстандық заңнаманың барлық 64 заң актілері мен нұсқаулары сәйкестікке келтіріледі.

Жолдауда былай деп келтіріледі: «Жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын жұмысқа белсене тартып, оларды еңбекақымен қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу қажеттігі маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасайды. Біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз. Мемлекеттік жәрдемақыны тек шынымен нақты жұмыс істей алмайтындар ғана алуы тиіс. Жұмысқа мүгедектерді алып, оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу керек».

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы қазақстандық мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың заңнамалық негізі болып табылады. Оның барысында, әрбір мүгедек үшін реабилитациялық әлеуеті бар медициналық, әлеуметтік және кәсіби бөліктерден тұратын реабилитациялық жеке бағдарлама әзірленіп жатыр.

2011 ж. протездік-ортопедиялық құрыл-ғылармен және протездік-ортопедиялық көмекпен 14,4 мың мүгедек қамтамасыз етілген. Мүгедектер үшін 5,2 мың орындық-арбалар сатып алынды.

Есту қабілеті шектелген 7,9 мың мүгедекке сурдотехникалық құрылғылар пайдалануға берілген болатын. 7,8 мыңнан артық мүгедек тифлотехникалық құрылғылармен, ал 25,8 мүгедек гигиеналық құрылғылармен қамтамасыз етілді.

Оған қоса, бірінші топтағы 8,8 мың мүгедек жеке көмекшінің қызмет көрсетулерімен, ал есту қабілеттері шектелген 3,4 мың мүгедек ым-ишара мамандарының көмегімен қамтамасыз етілді.

2008 ж. желтоқсанында Қазақстан Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияның қосымша хаттамасына қол қойып, мүмкіндіктері шектелген адамдарға қатысты халықаралық стандарттарды іске асыру міндеттерін өз жауапкершілігіне алған болатын (ҚР 2008 ж. 11 желтоқсанында қабылданған № 711 Президент жарлығы).

Қазіргі таңда мемлекетімізде жоғарыда көрсетілген БҰҰ конвенциясы мен оның қосымша хаттамасын ратификациялау үшін жағдай жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2012 ж. 16 қаңтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 64 қаулысымен 2012-2018 жж. бағдарланған Қазақстан Республикасы мүгедектер құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сапасын жақсарту бойынша шаралар жоспарының бірінші кезеңі бекітілді.

Дегенмен, Үкімет мүгедектердің жұмыспен қамтылуын кеңейту, көлікпен және қоғамдық қолданудағы орындармен қамтамасыз етілуі бойынша әлі де жұмыс жүргізуі керек.

Қазіргі кезде Үкімет дайындап жатқан 30 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кіру Тұжырымдамасы Қазақстанның дамуы үшін тәуелсіздік алған уақыттан бері әлі де ұмтылыстың керек екендігін болжайды.

Айдарлар
Яндекс.Метрика