Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ТАРИХИ ӘДІЛЕТТІЛІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Өткен заманға  қатысты тарихи оқиғаларды,   айғақтар   мен   қайраткерлерді бұра тартып түсіндірулер мен идеологияландырылған саяси бағалауларды, қасақана бұрмалаушылықты жою.

Халықаралық тәжірибеде, нақтырақ айтсақ, Тарихи әділеттілік және татуластыру институтының (Institute for Historical Justice and Reconciliation) құжаттарында тарихи әділеттілікті қалпына келтіру «бұрынғы кездегі адам құқықтарының бұзылуы мен әлеуметтік және саяси тұрғыдағы әділетсіздік қарастырылатын қақтығыстарды реттеу мен татуластырудың формаларының бірі» ретінде анықталады.

Қазіргі әлеуметтік дискурста тарихи әділеттілік/әділетсіздік категориялары негізінен белгілі бір ұлттық (этностық) қауымдастыққа қатысты мемлекеттік саясатқа берілген бағаға байланысты қолданылады. Тарихи әділетсіздік құбылысының негізгі сипаты ретінде мемлекеттің қандай да бір халықты ұлттық белгісі арқылы алалап, «сенімсіздер» қатарына жатқызып, оның жекелеген өкілдерінің (немесе топтарының) жасаған шын және күмәнді қылмыстары үшін жауапкершілік пен кінәны бүкіл халыққа жүктеп, қудалауын айтуға болады. Мұндай тарихи әділетсіздік көп жағдайда жағымсыз ұлтшылдыққа, радикализм және экстремизмге құнарлы түбір болады.

Қазақстан үшін тарихи әділеттілікті қалпына келтіру бірінші кезекте қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртумен байланысты.

Қазақстан өзінің тарихында ХХ ғасырда аса қасіретті кезеңді басынан өткізді. Қазақ ұлты XVIII ғ. тәрізді күйреп жойылудың азақ алдында тұрды. Алайда, қазақ халқы 1917 ж. төңкеріс пен азаматтық соғыстан бастап, 1932–1933 жж. жаппай аштықтан, 1936–1937 жж. қуғын-сүргіннен, 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысынан, депортация және көші-қон саясатынан, тыңайған жерлерді игеруден (1954–1960 жж.), орыстандыру, индустриалдандыруға дейін, ақырында, 1986–1991 жж. қайта құру мен ескі жүйенің құлдырауымен байланысты дағдарыстан (1991–1999 жж.) аман шығып, сын-қатерлерге тойтарыс берді.

ХХ ғ. қиыншылықтар мен жоқшылықтың нәтижесінде қазақтар өзінің туған жерінде саны аз ұлт болып қалды. Бұл барлық кеңестік республикалар немесе ұлттық аймақтар үшін болмаған жағдай. Тыңайған жерлерді игеру кезеңінде еліміздегі халық санының 6 млн. орыстар мен украиндықтар құрады. 1939– 1959 жж. қазақтар небәрі 30% ғана құрады.

Репрессия кезеңдері қазақтардың жалпы саны 2,3 млн. құрады.

Алайда, тәуелсіздік тарихи әділеттілікті қайта жаңғыртуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда қазақтар тұрғылықты халықтың 63% құрайды. Бұл 17 млн. халықтың шамамен 11 млн. қазақтар болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекет түзуші этносқа қатысты тарихи әділеттілікті қайта қалыптастыруды қамтитын жауапты ішкі саясат жүргізілді.

ХХ ғ. Қазақстан көп жағдайда, әлеуметтік, тоталитарлық және ғылыми-әскери тәжірибелердің территориясы болды. Бұл жерге адамдар мәжбүрлі түрде қоныс аудартылып немесе қуғынға ұшырап келді. Қазақстанда, қиыншылықтарды жеңіп, мемлекеттілікке қол жеткізген қазақ халқының жауапкершілігі мен тарихын дұрыс түсінуге негізделген ерекше этносаралық үлгі қалыптасқан.

Сонымен қатар, тарихи әділеттілікті қайта қалпына келтірудің мысалына ядролық полигонның жабылуын, заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған және саяси себептерге байланысты айыпталғандарды ақтау, 1932–1933 жж. ойластырылмаған ұжымдастыру нәтижесіндегі жаппай аштықтың құрбандарын еске алуды жатқызуға болады.

Тәуелсіздік алғалы бері қазақ ұлтын біріктіру жайлы өзекті мәселе көтеріле бастады. Тағдыр айдап 5 млн-ға жуық қазақтар шетел асып кетті, ұзақ уақыт өз этникалық отанынан тыс жерде өмір сүрді.

Бүгінде қазақтар әлемнің 40-тан астам елінде тұрып жатыр. Қазіргі кезде әрбір үшінші қазақ тарихи отаны – Қазақстаннан тыс өмір сүреді. Шетелдегі диаспораны қосқанда қазақтардың жалпы саны 13 млн-ды құрайды.

Қазақтардың басын қосудағы маңызды оқиға Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1992 ж. 29 қыркүйекте Алматыда өткен бірінші Құрылтай болды. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ ретіндегі өзінің міндетін халықтың өз отанымен қауышуына мүмкіндік беру деп есептеді. Құрылтайда 33 елден 1000 делегат қатысты. Құрылтайдың басты қорытындысы халықтың қауымдасуының, түп-тамырын сақтап қалуының үлгісі болған Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығын құру болды. Қауымдастық президиумының төрағасы боылп бірдауыспен Президент Н.Ә. Назарбаев сайланды. Туған жерінен алыста жүрген 5 миллионнан астам қазақтар мен 8 млн қазақстандық қазақтар алғаш рет бір қауымдастыққа бірікті.

Өзінің құттықтау сөзінде Н.Ә. Назарбаев: «Көптен күткен уақыт та келді. Аңсаған арманымыз орындалды. Әрбір өзін қазақпын деп сезінетін адам осы кезде бар ниетімен ата-бабамыздың қасиетті мекені, Қазақстанның астанасы Алматыға назарын аударуда. Өйткені, мұнда алғаш рет әлемнің әр түкпірінен қазақ халқының өкілдері салтанатты мәжіліске – Әлемдік Құрылтайға жиналды», - деп атап өтті.

Осылайша жаңа өркениеттік даму кезеңінде тарихи тағдыры ортақ қазақтардың бірігуінің бастамасы жасалды. Бұл жерде басқа халықтың арасында жоқ болып кетуге мүмкіндік бермеген қазақтардың біртұтас мәдени кеңістігін қалыптастыру ең маңызды міндет болды.

Қазақтардың екінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев: Жер бетінде жалғыз ғана қазақ деп аталатын ұлт бар, сондықтан оның мәні, дәстүрі мен өмірлік ұстанымдары қазақтар үшін бірдей, сондықтан оның рухани бай мәдениетін бөлуге болмайды, бұл ортақ байлығымыз»,- деп атап көрсетті.

Қазақ мәдени кеңістігін құру – үлкен мәселе. Негізінде 5-миллиондық қазақ қоры қазіргі кезде шетелде қалыптасқан. Бұл біздің мәдениетімізді, тілімізді, дәстүрімізді, қазақ бірегейлігін сақтауға мүмкіндік беретін құндылықтар мен білім жиынтығын жетілдіретін этностың бір бөлігі. Шетелдегі қазақ мәдениеті бір орнында тұрған жоқ. Ол да біздің мұрамыз, олармен Қазақстандықтарды таныстыруға және қазақ мәдениетін бөлініп кетуге мүмкіндік бермеу үшін барлық күш жұмсалуда.

Қазақтардың отанына оралуы тәуелсіздік әкелген толғандыратын оқиға.Тәуелсіздік жылдары өз туған отанына 1 млн.-нан астам этникалық қазақтар оралды. Бұл Қазақстанның ұлттық өрлеуі мен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қалыптасу факторларының бірі болды.

Қазақтар Қазақстан Республикасындағы өзінің байырғы тарихи жеріндегі шоғырланған этникалық өзегі болып қала береді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика