Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ПРОГРЕССИВТІ ИДЕАЛДАР ҚОҒАМЫ

Прогрессивті идеалдар қоғамы – әлеуметтік прогресс тұжырымдамасының формасы, яғни қоғамның артықшылығы көп, жоғарғы сапалы жағдайға трансформациясы ретінде көрініс табатын қоғамдық дамудың теориясы.

Бұл парадигма Ағарту кезеңінің, оның ішінде Тюрго, Монтескье, Руссо, Лессинг, Гердер, Шиллер философиясынан бастау алады. Олар әлеуметтік прогресстің идеясын адам санасының шексіз жетілдірілу қағидасымен және гуманистік құндылықтар мен идеалдардың негізінде қайта құрылу міндетімен байланыстырған болатын.

ХХ ғасырда қоғамдық прогресс концепциясы А. Камю, Ж.П. Сартр, Н.А. Бердяев, М. Хайдеггер, Х. Ортега-и-Гассет сияқты авторлар тарапынан сынға ілікті.

ХХ ғ. екінші жартысында прогрессивті идеалдар қоғамының мәселелерін неоэволюционизм өкілдері (Л. Уайт, Дж. Стюарт, М. Саллинс, Е. Сервинс, Г. және Ж. Ленски, Т. Парсонс) әлеуметтік теорияның назарына қайта ұсынған болатын.

Прогрессивті идеалдар қоғамы фундаменталды аспектіден бөлек қолданбалы аспектілерді иеленеді, өйткені, ол мемлекеттік саясаттың, партия идеологиясы мен мәдениеттің  ерекше  түрінің көрінісі болып табылады. Мұның жарқын мысалы ретінде АҚШ-ты қарастыруға болады.

АҚШ-ғы «прогрессивизм» кезеңі (1890– 1914 жж.).

Басты құрамдасы индустрияландыру болып табылатын «алтын жалатылған ғасырдан» кейін АҚШ-та «прогрессивизм кезеңі» басталды. Бұл кезеңде ірі әлеуметтік және саяси реформаларға әкеліп соқтырған орта және төменгі таптардың жоғары саяси белсенділігі көрініс тапты. Бұл уақытта сонымен қатар, жемқорлықпен күресуде үлкен өзгерістер орын алып, ер адамдар мен әйелдердің теңдігі қамтамасыз етіліп, медицина мен қоғамдық өмірдің жетекші салаларының жаңартылуы іске асырылды.

Бұл кезеңде еуропалық саясатқа кеңірек қатысуы, Латын Америка мемлекеттеріндегі әскери операцияларды жүргізуі нәтижесінде АҚШ-тың халықаралық рөлінің өсуі байқалады.

АҚШ-ғы прогрессивизм.

ХХ ғ. басында Американың саяси өмірінде басым болған реформаторлық қозғалыс. Оның әлеуметтік тірегі орта тап болып табылды. Американдық прогрессивизм американдық экономика мен қоғамның жаңартылуына, оның ішінде ірі өндірістік және теміржол корпорацияларының пайда болуына, сонымен қатар американдық саясаттағы жемқорлықтың тегеурініне жауапты реакция болды. ХХІ ғ. қарай прогрессивтік қозғалыс энвайронментализм мен әлеуметтік әділеттілік үшін қозғалыстың (әлеуметтік экология) белгілерін иеленді.

Прогрессивтік қозғалыс келесі бағыттар бойынша қызмет жүргізді:

-  Бәсекелестіктің дамуы және монополияны шектеу;

-  Жемқорлықтың едәуір төмендеуі;

-  Жергілікті басқару жүйесіндегі реформалар;

-  Міндетті, стандартты және әмбебап білім беру;

-  Әлеуметтік жұмыстың кәсібилігі;

-  Балаларды қорғау, балалар еңбегін шектеу;

-  Жалдамалы жұмысшылардың құқығын қорғау, оның ішінде 8 сағаттық күн тәртібін енгізу, сырқаттану қағаздарын төлеу, еңбек пен денсаулық қауіпсіздігі;

- Қоршаған ортаны қорғау.

Прогрессивизм мәдениеті.

Американдық   прогрессивизмнің   негізі прагматизм болды. Ол өз кезегінде әлеуметтік дарвинизмнің жақтастарына қарсы қойылды.

АҚШ-тың әшкерелеушілік журналистикасы мен көрнекті американдық жазушылар прогрессивизмнің дамуына зор үлестерін қосты.

Қазақстан үшін осы мәселелер өзекті болып, жаңа саяси бағыт-бағдардың шеңберінде іске асырылуы мүмкін. Бұған тек ғылыми интеллигенция емес, сонымен қатар журналисттер, сарапшылар мен зерттеушілерді қосқанда интеллектуалды бірлестік те өз үлесін қосуы керек.

Бұл арнада Мемлекеттік хатшы М.М. Тажиннің қатысуымен 2013 ж. бірінші жартысында бірқатар жүйелік іс-шаралар өткізілді.

2013 ж. 23 ақпаны күні болған ақпараттық активпен резонансты кеңес бұл желінің бастамасы болады. Онда ақпараттық және ішкі саяси жұмыстың жүйелік сұрақтарының кешені белгіленген болатын. Онда қозғалған әңгіме ешқандай күтпегендік туғызбағанымен, аса жағымды болмады.

Ұзақ уақыт бойы ішкі саясат саласында күрделі сұрақтардың түйнегі қалыптасып келді. Осыған байланысты 2013 ж. мамыр айында этносаяси менеджментті жаңғырту бойынша сұрақтарды белгілеп өткен этносаралық қатынастар мәселелері бойынша республикалық кеңестің ұйымдастырылуы орынды болды.

Жаңа ақпараттық идеологиялық басым-дықтардың призмасы арқылы бағыттардың тағы бір түріне, яғни мемлекеттік саясаттың ғылыми-зерттеу және аналитикалық тұрғыдан қамтамасыз етілуіне тексеріс жүргізілді.

Бұл мәселе жаңа Жолдаудың шеңберінде тақырыптық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының 2013 ж. сәуірінде өткізілген отырысының шеңберінде талқыланған болатын.

Біртіндеп жасалған қадамдар мен жұмыстың нәтижелерін Елбасының басқа баяндамаларынан да байқауға болады. Мәселен, 2013 жылдың сәуіріндегі Қазақстан халхы Ассамблеясының ХХ сессиясы мен 2013 ж. мамыр айындағы медиа-форумында сөйлеген сөздері бұған айқын мысал.

Үшіншісі, 2013 ж. 5-маусымындағы Ұлттық тарих бойынша өткізілген кеңес тек тарих пәнін ғана емес, сонымен қатар барлық қоғамдық-гуманитарлы блокты мемлекеттік саясаттың қалтарысынан ұрымтал тұсына шығарды.

Осылайша, жаңа саяси бағытты іске асыру үшін прогрессивті қоғамдық күштер жұмылдырылып жатыр.

Айдарлар
Яндекс.Метрика