Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ

Қазақстан дамуының ерекше үлгісін сипаттайтын анықтама.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттің басына түскен мәселелеріне қатысты ешкім дайын нұсқау бермегендіктен, Қазақстан өз жолы мен ерекше даму үлгісін өздігінен іздеп табуға мәжбүр болды.

«Шокты терапия» деп аталатын 90-шы жылдардың радикалды реформаларының шеңберіндегі бұқаралық емес шараларға бару керек болды. Яғни, мемлекет көшбасшысына ұлттың мүддесін әлемдік үдерістермен үйлестіруге тура келді. Екеуінің тоғысу нүктесін орнату үшін бір мезеттік, тактикалық жеңістерден қол үзіп, болашақтағы стратегиялық жеңістерді ойластыру керек бол-ды.

Бұл жағдай Елбасының 1992 ж. ұсынған Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу стратегиясының шеңберінде расталынды. Бұл стратегия Қазақстанның ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп, нәтижеге қол жеткізгісі келгендердің соңынан ермегенін көрсетті. Мұндай көңіл-күйлер бір жағынан, жеделдетілген демократияландыруға қызығудан, екінші жағынан, ұлтшылдық көңіл-күйлердің кенеттен көтеріліп кетуіне соқтыратын тәуелсіздікке қол жеткізу эйфориясынан байқалды. 

Сол кезде консервативті күштердің негізі болған, Жоғары Кеңеспен қарсыластықта президентті қолдаушы күштердің жеңіске жетуі нәтижесінде пайда болған мемлекет дамуының саяси үлгісі маңызды мәселе бол-ды. 1995 ж. Конституция республиканың мемлекеттік құрылымын түбегейлі өзгертті және Қазақстанның нарықтық дамуының құқықтық базасын қалыптастырудың соңғы кезеңіне айналды.

Жоғарғы шыңы Президент және оның негізін құрайтын атқарушы, заң шығарушы және сот билігі түріндегі вертикалды билікке сенім артылған болатын. Вертикаль бойынша президент биліктің үш тармағынан жоғары тұрады. Ортақ мемлекеттік еркіндікке бағынған билік тоталитарлық жүйенің ыдырауына, әлеуметтік-экономикалық реформалардың жылдам жүргізілуіне, демократияның ин-ституционалды негіздерін қалыптастыруға шешуші үлесін қосты. Таңдалған үлгінің дұрыстығы бірнеше рет, нақтығырақ айтқанда, 2005 ж. посткеңестік кеңістікте «түрлі-түсті революциялардың» толқыны жүріп өткенде, 2008 ж. экономиканың құлдырауына жол бермеу үшін дағдарыстық жағдайдың аясында барлық жүйені «қолмен реттеу» қалпына ауыстыру кезінде дәлелденген болатын.

«Қазақстан-2030» Стратегиясы Қазақстанның ерекше даму үлгісінің факторы-на айналды. Әлемдік дағдарыс жағдайында қоғамға жетістікке қол жеткізудің мүмкіндіктері көрсетілген болатын. Аталмыш стратегияны жариялаудан кейін 2 жыл өткен соң экономикалық өсім қарыштай түсті. Ол өз кезегінде ұлттың қиыншылықтарға қарамастан өз күшіне, шынайылықты өзгертіп, жетістікке қол жеткізе алу мүмкіндігіне сенуінің арқасында жүзеге асқан болатын.

«Қазақстан-2030» Стратегиясы нағыз серпіліске айналды. Қоғамның бейімдеушілік қасиеттері күшейе бастады. 2004 жылы Парламенттің VI сессиясының ашылуында Президент әлеуметтік және экономикалық өсімнің халық арасында бейімдеушілік стратегиялардың өзгеруіне септігін тигізетінін атап кетті. Адамдардың іс-әрекеттерінің үлгілері өзгеріп жатыр. «Олар жағымды өзгерістерді күтіп қана қоймай, өмірдің барлық қырларын игеріп, жаңа әлеуметтік ор-тада нық қалыптасып, өз-өздерін жетілдіріп, әл-ауқаттарын жақсартуға тырысады».

2004 ж. Президенттің Қазақстан халқына жолдауында бәсекеге қабілеттілік категория-ларын ұсынуы да осы кезеңге жатқызылады. Сол кездері алғаш рет қазақстандық үлгінің, яғни экономикадан саясатқа өту қағидаты туралы айтылған болатын.

1998 жыл Қазақстан үшін түбегейлі өзгерістерге толы болды, әсіресе, өңірлік саясат саласында үлкен өзгерістер орнады. Ол өз кезегінде астананың ауысуымен байланысты болды. Астана барлық ұлттық экономиканың дамуына септігін тигізген ірі инновациялық жоба болды.

2000 жж. қазақстандық даму үлгілерінің ірі құрамдастарының құрылуы іске асырылды.

Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізіле бастады. Қазақстан қатысатын аймақтық интеграциялық бірлестіктердің тобы (БЭК, Кедендік одақ, ҰҚКҰ, ШЫҰ) нығая түсті. Президент Н.Ә. Назарбаевтың АӨСШК шақыру бойынша бастамасы іске асырылды. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі, 2010 ж. желтоқсанында ЕҚЫҰ саммитін өткізуі және Астана декларациясының қабылдануы мемлекет жетістіктерінің жоғарғы шегі болып табылады.

2008 ж. бастап халықаралық қаржылық-экономикалық дағдарыстың пайда болуының әсері ретінде Астана экономикалық форумын өткізу тәжірибесі қалыптасты. Президент Н.Ә. Назарбаев жаһандық дағдарыстан бұрын 2003 ж. шыққан «Сындарлы он жыл» атты кітабында қиын кезеңнің туатыны жай-лы ескерткен болатын. Кейіннен Қазақстан көшбасшысының дағдарысқа қарсы әрекеттері жайлы нақты ойлары оның «Дағдарыстың кілті» және «Бесінші жол» мақалаларында баяндалған болатын.

Қолданылған әрекеттер мен мемлекеттің даму барысына қатысты жасалынып тұратын мониторинг, соның ішінде стратегиялық жоспарлау әдістерін енгізу арқылы да, Қазақстанның қарқынды дамуына септігін тигізді. Нәтижесінде, 2013 ж. 2050 жылға дейін жоспарлаудың жаңа көкжиегі ұсынылды.

Айдарлар
Яндекс.Метрика